Date of publication: 16.08.2019 11:16
Date of changing: 16.08.2019 17:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2019 жылғы 16 тамыз                                                                                          Нұр-Сұлтан қ.

3 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДЕН ТҮСІМ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ

 

Бұл арту декларацияланатын табыстын өскенін және де шағын бизнес субъектілерінің ашықтыққа ауысқанын көрсетеді.

2018 жылда шағын бизнес субъектілерінің саны елдегі барлық салық төлеушілердің – 74% үлесін, шағын бизнес субъектілерінен бюджетке салықтан түсімі 146,7 млрд.теңге немесе 2%  құрады. Бұл жайлы Мемлекеттік кірістер комитетінің 5 жылдығына қатысты өткен конференцияда МКК Салықтық әдіснама департаментінің директоры Нұржанов Жәнібек айтып берді.

Оның ақпараты бойынша ШБС саны мен олардан түсетін салық түсімдері өсетін динамика байқалады.

Одан басқа, жыл сайын 1 салық толеушіге орташа салық түсімі өсуде. Егер де 2015 жылы 1 салық төлеуші жылға  61,0 мың теңге төлесе, 2018 жылға 119,0 мың теңге төледі. Демек 2 есеге артты.

Ж. Нұржановтың айтуынша, «2001 жылы патент негізіндегі арнайы салық режимін енгізу басталғаннан бері шекті табыс соммасы 2,0 млн.теңгеден бастап іс жүзінде 9,0 млн.теңгеге дейін өсті. Бұл ретте патентке әлеуметтік салығын алып тастап, сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді қоспағанда, ставка 2%-дан 1%-ға түскен.

Оңайлатылған декларация режимі бойынша шекті табысы 40 млн.теңгеден бір жыл ішінде 120 млн.теңгеге дейін өсті.

Аграрлық секторды салық салуды реформалау шеңберінде бірыңғай жер салығын төлеу негізінде және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін режимдер қайта қаралды. Енгізілген өзгерістер нәтижесінде ауыл шаруашылық жер учаскелерінің ауданына байланысты салық салуы сәйкестендірілді.

Бұдан басқа, 2017 жылдан бастап, жеке тұлғаларға  дара кәсіпкер ретінде тіркелуі үшін хабарлама беру тәртібі енгізіліп, электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болады, ол тіркеу рәсімін едәуір жеңілдеткен.

Сонымен қоса, 2020 жылдан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын, оның ішінде патент бойынша қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін мідетті түрде қолдану қажеттілігі енгізілгенін Ж.Нұржанов атап өтті.

«Осыған байланысты, патент және оңайлатылған декларация бойынша есептелген ЖТС сомасын 60 мың теңге шегінде, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын сомаға азайту есебінен жаңа онлайн БКМ сатып алуға шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік беретін  заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Яғни, егер ЖТС сомасы бір жылда 140,0 мың тенгені құраса, кәсіпкер салықты 60,0 мың тенге сомасына азайтуға құқығы бар», - деп ол атап өтті.

Аталған ереже 2019 жылдың ішінде ғана қолданыста болады.

Яғни, 2020 жылдан бастап онлайн БКМ қолдануға тиісті тұлғаларға қазірден бастап онлайн БКМ сатып алып, оны мемлекеттік кірістер органдарында есепке тұрғызу жайында ойлау қажет деп, МКК салықтық әдіснама департаментінің директоры Жаныбек Нұржанов айтты.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі