Date of publication: 16.02.2016 10:46
Date of changing: 16.02.2016 11:11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар мен ақша қозғалыстары мониторингі

жүйесінің жобасын ұсынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алқа жиылысы барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінде импорттау сәтінен бастап соңғы өткізуіне дейінгі тауар қозғалысына тікелей бақылау жасаудың «Виртуалдық қойма» модулінің ақпараттық жүйесінің жобасын ұсынды.

Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіруге байланысты Қазақстанда тауарлар тобын айқындауға ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифінен (бұдан әрі - БКТ) айтарлықтай төмен кеден тарифтері қолданылады. Осы себептер бойынша мұндай тауарлар алып қою Тізбесіне жатқызылды және Одақтың басқа елдерінің аумағында алып қою Тізбесінде тұрған тауарларды әкетуге болдырмауды Қазақстан өз міндетіне алды.  

ҚР аумағында алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды әкелу:

  1. ДСҰ-ның ставкісі бойынша, бірақ Қазақстан аумағынан әкету құқығынсыз;
  2. ЕАЭО БКТ ставкісі бойынша, оларды алдағы уақытта Одаққа мүше мемлекетте өткізу мақсатында жүзеге асырылады.

Қазақстан өз міндетін алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды есепке алу және бақылауды енгізу жолымен іске асыруға ниетті. Ағымдағы уақытта тауар қозғалысына тікелей бақылау жасау тауарларға арналған декларацияның бірегей нөміріне талдау жасау жолымен қолмен есептеу режимінде жүзеге асырылады.

Тауар қозғалысына тікелей бақылау жасауды автоматтандыру мақсатында Электрондық шот фактуралардың (бұдан әрі – ЭСФ АЖ) қолданыстағы жүйесінің негізінде «Виртуалдық қойма» модулін әзірлеу жоспарлануда.

Бүгінгі күні Салық кодексімен ДСҰ-ның ставкісі бойынша тауарларды импорттайтын электрондық түрде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға шот фактураларды жазып беру тәртібі айқындалды. Осыған орай, алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды Қазақстан аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкету кезінде электрондық түрде шот фактураларды жазып беру бойынша міндеттемелер туындайды.

Комитеттің мамандары «Вертуалдық қойма» модулінің импорттаудан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі тауарлар мен ақша қозғалысына аралық мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретінін, ол қолмен бақылау жасау элементін алып тастайтынын және әкімшілік кедергілерді төмендететінін растайды.

Естеріңізге саламыз, 2014 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ерікті негізде электрондық түрде шот фактураларды жазып беру мүмкіндігі пайда болды. ЭШФ АЖ пайдалану ақысыз негізде жүзеге асырылады.

                           

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі