Date of publication: 03.05.2016 13:57
Date of changing: 10.01.2018 09:30

2017 жылғы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіндегі азаматтардың өтініштерімен жасалған жұмыс туралы анықтама

 

2017 жыл  ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жеке және заңды тұлғалардан 5120 өтініш қарауға келіп түсті.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 5120 өтініштің  4252 қаралды (оның ішінде: 2878-і түсіндірілді, 409-ы қанағаттандырылды, 753-нен бас тартылды, 212- нің қарастырылуы тоқтатылды), 868 өтініш бойынша орындау мерзімі алдыда.

Көрсетілген кезең ішінде өтініштерде жеке және заңды тұлғаларды тіркеу және есепке алу, тексерулердің қорытындылары бойынша шешімдер қабылдау, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекеті (әрекетсіздігі), Қазақстан Республикасына тауар әкелу, тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығару, тауарларды декларациялау, тауар түрлеріне арналған сәйкестік сертификаттарын алу, ҚҚС қайтару, салық есептілігі, салық және кеден заңнамасын түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін түсіндіру мәселелері және басқалар қамтылды.

2017 жыл  ішінде жеке және заңды тұлғаларға - 409 талон берілді.