Date of publication: 27.05.2016 12:49
Date of changing: 27.05.2016 13:03

 

Пресс-релиз

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Үрімші Кедендік басқармасының (ҚХР) делегациялары арасында есірткі, жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жан-жануарлардың контрабандасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша бірлескен алдын алу іс-шараларын өткізу туралы кездесу өтті.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тлеу Жанғарашев басқарды.

Қытай делегациясына Қытай Халық Республикасының Үрімші Кедендік басқармасы бастығының орынбасары Еркін Омар басшылық етті.

Кездесу барысында қазақ-қытай шекарасындағы бірлескен алдын алу іс-шараларын іске асыру жоспарына қол қойылды.

Аталған шара Мемлекеттік кірістер комитеті мен Үрімші Кедендік басқармасы арасындағы есірткі, жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жан-жануарлардың контрабандасына қарсы тұру бойынша құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықтың бірінші қадамы болып табылады.

Тараптар бұл кездесуді  толыққанды және іскерлік сипатта өтті деп есептейді, сонымен қатар оның нәтижелеріне қанағаттанатындарын атап өтті.

 

Қытай тарабы көрсетілген қонақжайлық үшін алғыстарын білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті