Date of publication: 27.05.2016 18:38
Date of changing: 30.05.2016 10:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы үшін жаңа екі қабатты оқу-тұрғын үй ғимаратының салтанатты ашылуы

2016 жылғы 27 мамырда Алматы қаласында Америка құрама штатының Қорғаныс министрлігінің есірткіге қарсы күрес бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) Кинологиялық орталығы үшін салынған жаңа екі қабатты оқу-тұрғын үй ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға АҚШ Елшісі Джордж А. Крол мырза, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин, Алматы қаласының  әкімінің орынбасары , Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі, «Генералдар кеңесі» РҚҰ Төрағасы, ЕҚЫҰ Елшісі, ЦАРИКЦ директоры, ҚР Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің Кинологиялық орталықтарының басшылары қатысты.

Осы жоба техникалық жәрдемдесу бойынша АҚШ Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтеусіз тәртіппен ұсынып отыр. Мамандардың пікірінше осы жоба заңсыз есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі кинологтардың желісі бойынша Комитет пен АҚШ Елшілігінің арасындағы сыңдарлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында біздің ұйымдарымыздың өзара іс-қимылына мықты негіз қалайды.

Комитеттің Кинологиялық орталығының негізгі мақсаты есірткі құралдарын, жарылыс заттарын, қарулар, валюта және дериваттарды іздеу мақсатында  Қазақстан Республикасының кеден және өзге арнайы және құқық қорғау органдары үшін кинологтарды қызметтік иттерімен дайындау болып табылады.

Кинологиялық орталықтың жұмыс істеген кезінен кеден органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және бірқатар азия елдерінің өзге құқық қорғау органдарынан 850 кинолог оқудан өтті.

Іс-шара барысында қонақтар орталықтың оқу және материалды-техникалық жабдықтарымен танысты, бұдан бөлек олардың назарына қызметтік иттермен көрнекi көрсетулер ұсынылды.

2015 жылы Комитеттің Кинологиялық орталығының қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы жалпы анықталған есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының 21 фактісі анықталды, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы алынған есірткінің салмағы 60% аса құрағанын еске саламыз.

Сондай-ақ, 2013-2015жж. аралығында қазақстандық кеден қызметінің кинолог-мамандары Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан Республикаларындағы халықаралық жарыстарда жеке және жалпы командалық есепте бірінші орын алып, үздік атанғанын атап өту қажет.

 

 ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі