Date of publication: 27.05.2016 19:06
Date of changing: 27.05.2016 19:06

2016 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақ Заң университетінің, Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «юриспруденция» мамандығы бойынша 2016 жылғы түлектерімен жұмысқа тұру бойынша әңгімелесу жүргізілді.

Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің жұмысы барысы туралы айтылды. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша бірқатар түлектер экономикалық тергеу қызметінің бос лауазымды орындарына орналасу үшін конкурстық іс-шараларға қатысу үшін ұсынылды.