Date of publication: 23.06.2016 09:31
Date of changing: 23.06.2016 09:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Құрметті азаматтар !

Сіздердің алаяқтық іс-әрекет туралы арыздарыңыздың басым бөлігі шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жөнінде. Ондай даулар сот тәртібінде шешілуге тиісті.

ҚР ҚМ Экономикалық тергеу қызметі жымқыруға (Алаяқтық, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қатысты  қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда қарайды.

Қалған жағдайда алаяқтық іс-әрекеттер немесе сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу фактілерін ішкі істер органдары қарайды, ал  аталған іс-әрекеттерді лауазымды тұлғалар өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 105-бабы тәртібінде прокурорға берiледi.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті