Date of publication: 28.07.2016 10:33
Date of changing: 29.07.2016 21:21

Құрметті салық төлеушілер!

 «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтезбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы сіздердің назарларыңызға саламыз.

200.00, 220.00, 400.00, 421.00, 590.00, 700.00, 701.00, 701.01 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына, сондай-ақ 100.00, 150.00, 230.00, 300.00, 910.00, 920.00 нысандарын жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Салық төлеушілер үшін 2016 жылға арналған салық есептілігінің көрсетілген нысандарының жаңа үлгілеріне 2016 жылдың 5 тамыздан бастап қолжетімді болады.

Сонымен бірге «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 324 бұйрығы күшіне еңгізілгенге дейін мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылған салық есептілік нысандары Салық кодексінің 584-бабына сәйкес тапсырылды деп саналады, өйткені тапсыру кезеңінде салық есептілігі нысаны өкілетті орган бекіткен үлгіге сәйкес екенін хабарлайды.

Осыған байланысты көрсетілген нормативтік-құқықтық акт күшіне енгеннен кейін (шамамен 5 тамыздан кейін) салықтық міндеттемені орындағанда, жаңа үлгідегі салық есептілігі 2016 жылғы 2 тоқсанға салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілер тапсырады, сол себептен аталған міндеттеме салық есептілігін тапсырып қойған салық төлеушілерге таратылмайды.