Date of publication: 26.08.2016 12:45
Date of changing: 26.08.2016 12:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛІЗІ

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарына қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету күдігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша МКД Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары К.Т. Абдреевке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізу тағайындалғаны жөнінде хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеу материалы 15.08.2016 ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 216 бабы 2 бөлімінің 2,4 тармақтары бойынша (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының департаменті және Қызылорда облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің өзара бірлесіп жасаған жедел-тергеу шараларының нәтижесінде тіркелді.

Анықталған мән-жайларға сәйкес, К.Т. Абдреев, қызметтік бабын пайдаланып, «Келешек-Б» ЖШС және «Бексултан-Кызылорда» ЖШС директорларына қолдау көрсеткен.    Аталған ЖШС директорлары жалған шот-фактуралар жазып, нәтижесінде мемлекетке, бюджетке жалпы сомасы 64 млн. құрайтын салық төлемдерін төлемеу түріндегі залал келтірді.