Жарияланған күні: 16.02.2015 15:05
Өзгертілген күні: 20.07.2015 11:36

442-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

1.Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:

1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстардан, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын.

ТҮСІНІКТЕМЕ

1. Салық кодексінің 442-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

2011 жылғы 1 қаңтарға дейін бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылды: «1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстардан алынатын жеке табыс салығын».

2.  2011 жылғы 1 қаңтардан бастап заң шығарушы ауыл шаруашылығын дамыту үшін шаруа немесе фермер қожалықтары алған субсидиялар шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстарына қосылатын табыс болып табылатынын дәлдейді, тиісінше бірыңғай жер салығын төлеушілер арнаулы салық режимі қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) өтеуге мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған табыстан алынатын жеке табыс салығынтөлеушілер болып табылмайды.

3. Бұл норманы қолданған кезде 2014 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын да басшылыққа алу қажет, онда мынадай бағыттар бойынша субсидиялау көзделген:

1)  агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылық техникасымен және жабдығымен қамтамасыздандыру кезінде пайыздық мөлшерлемелерді арзандату;

2) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойыншасубсидиялау;

3)  тұқым шаруашылығын дамыту;

4)  мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру;

5)  акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;

6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;

7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;

8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;

9)  ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнынсубсидиялау;

10) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардысубсидиялау;

11)  ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;

12)  асыл тұқымды мал шаруашылығындамыту;

13)   жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiнотырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру)

14)  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;

15)  ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақтаөсіру;

16)  отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;

17)   ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарған кезде көлік шығыстарына, оның ішінде ұлттық компаниялар мен олардың еншілес және тәуелді ұйымдарының шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнынарзандату;

18) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарынсубсидиялау;

19)  агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберіндесубсидиялау;

20) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiндекөзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

ЖАҒДАЙ

«Береке» шаруа қожалығы 2012 жылы ЖЖМ және гербицидтерді сатып алуды жартылай өтеуге мемлекеттен субсидия алды.

 

ТҰЖЫРЫМ

Субсидиялау мақсаты көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi ЖЖМ және гербицидтерді сатып алумен байланысты шығындарды жартылай өтеу болып табылатындығын ескере отырып,шаруа қожалығы алған субсидиялар шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа қожалығының қызметінен түскен табыстарына қосылатын табыс болып табылады. Тиісінше, бұл салық төлеуші бұл табыс бойынша жеке табыс салығынтөлеуші болып табылмайды.