Жарияланған күні: 16.02.2015 16:53
Өзгертілген күні: 20.07.2015 11:38

428-бап. Арнайы салық режимін қолдану шарты

 

6. Осы Кодекстің 433-бабының мақсаты үшін заңды тұлғаның шекті кірісі:

1) осы Кодекстің 427-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын объектіден;

2) осы Кодекстің 99-бабында көзделген, жалпы белгіленген тәртіпте айқындалатын, түзетулерді ескере отырып жылдық кіріс жиынтығынан тұрады.

ТҮСІНДІРМЕЛЕР

 

1. Аталған норма 2013 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілді.

2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі салықтық жүктемені азайту және есептеудің, төлеуді және ол бойынша салықтық есептемені ұсынудың стандартты рәсімінен өзге тәртіпті белгілеу мақсатында режим шеңберінде қарастырылған салықтар бойынша салық салудың оңайлатылған режимін қолдануды көздейді. Осыны назарға ала отырып, заң шығарушы режимді қолдану үшін шектеулердің бірі ретінде шекті кірісті белгілеуде, асқан жағдайда салық төлеуші арнайы салық режимін қолдануға құқығы жоқ және салық салудың жалпы белгіленген тәртібіне ауысуға міндетті.

3. Түсіндіріліп отырған норма үшін Салық кодексінің 433-бабының 2) тармақшасы базалық бап болып табылады, ондазаң шығарушы заңды тұлға үшін, шағын бизнес субъектілері үшін қолданылатын арнайы салық режимде салықтық кезең ішінде шекті кіріс белгіленген.

2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқсан салықтық кезең болып табылады, шекті кіріс тоқсан ішінде 25,0 млн. теңгеден көп емес болып белгіленген.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жартыжылдық салықтық кезең болып айқындалды, бұл ретте жартыжыл ішіндегі шекті кіріс республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыста болған еңбекақының 2800 еселік ең аз мөлшерінен аспауы тиіс.

4. Шекті кірісті айқындау кезінде ең аз аңбекақының мынадай мөлшері ескеріледі:

жылдар

ЕАЕ мөлшері теңгемен

2014

19966

2015

21364

 

 

 

 

 

 

5. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлға үшіе, шағын бизнес субъектілері үшін қолданылатын арнайы салық режимінде жартыжыл ішіндегі шекті кіріс былай есептеледі:

 

шекті кіріс

есеп

мөлшері

2014 жыл

2015 жылға белгіленген ЕАЕ мөлшері – 19966*2800 

55,9 млн. теңге

 

2015 жыл

2015 жылға белгіленген ЕАЕ мөлшері – 21364*2800 

59,8 млн. теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. 01.01.2009 жылдан 01.01.2013 жылға дейін шекті кіріске тек шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режиміқолданылатын қызметтерден алынған кірістер ғана қосылды, тиісінше құнның өсуінен алынған кірістерді және шығып қалғантіркелген активтерді, заңды тұлға

2013 жылғы 1 қаңтарға дейін шекті кірісті айқындау кезінде ескерген жоқ.

1-ЖАҒДАЙ

«Оркендеу» ЖШС2012 жылғы есепті кезең ішінде жарнама қызметін көрсетуде 19,5 млн. теңге табыс тапты, бұдан басқа аталған кәсіпорын шығып қалғантіркелген активтерден жалпы белгіленген тәртіпте салық салынатын 8,8 млн. теңге мөлшерінде табыс тапты.

ҚОРТЫНДЫ:

Кәсіпорынның салықтық кезең ішіндегі жалпы кірісі 28,3 млн. теңгені құрады. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режиміқолданылатын қызметтен алынған кіріс 19,5 млн. теңгені құрады. Себебі  жалпы белгіленген тәртіпте салық салынатын 8,8 млн. теңге мөлшеріндегі кіріс, 2012 жылы шекті кіріске қосылған жоқ, «Оркендеу» ЖШС-да салықтық кезең ішіндегі белгіленген шекті кірістің – 25,0 млн. теңгеге асуына жол берілмеді. Тиісінше аталған кәсіпорын одан әрі арнайы салық режимінқолдануға құқылы.

7. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап заң шығарушы шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режиміқолданылатын салық төлеушінің шекті кірісіне олардың кәсіпкерлік қызметтен алатынбарлық кірістерін: шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режиміқолданылатын қызметтен алатын кірістерді де, сондай-ақ жалпы белгіленген тәртіпте салық салынатын кірістерді де қосады. Мұндай механизм салық төлеушінің шекті кіріс бойынша белгіленген шарттарына сәйкестігін айқындауға және салық салу мақсатындаонышағын бизнес субъектісі санатына жатқызуды дұрыс айқындауға мүмкіндік береді.

2-ЖАҒДАЙ

«Оркендеу» ЖШС 2014 жылғы 1-жартыжылдықта жарнама қызметін көрсетуде 35,3 млн. теңге табыс тапты, бұдан басқа аталған кәсіпорын шығып қалғантіркелген активтерден жалпы белгіленген тәртіпте салық салынатын 25,8 млн. теңге мөлшерінде табыс тапты.

ЖШС-ның есептік салық кезең ішіндегі кірісі 61,1 млн. теңгені құрады.

Салықтық кезең ішіндегі шекті кіріс республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыста болған ЕАЕ 2800 еселік мөлшерінен, яғни 55,9 млн. теңгеден(2014 жылғы ЕАЕ белгіленген мөлшері – 19966 х 2800), аспауы тиіс екенін ескере отырып, аталған ЖШС оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдануға құқығы жоқ, тиісінше салық салудың жалпы белгіленген тәртібіне ауысуы тиіс.