Жарияланған күні: 20.11.2017 10:57
Өзгертілген күні: 20.11.2017 10:59

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қаржылық тұрақтылық» басымды бағытының «Салықтардың жиналуын арттыру» жобасын іске асыру бойынша іс-шараларды өткізуде.

Ағымдағы жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жобалау кеңсесі жобаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттермен бейне-конференциялық байланыс арқылы кеңес өткізді.

Аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде жоба бойынша өңірлік үйлестірушілер мен өңірлік менеджерлер айқындалды, олар өз деңгейінде ағымдағы жылдың желтоқсан айында әкімдіктермен бірлесе 2018 жылға арналған бастамаларды, егжей-тегжейлі жоспарлар мен нысаналы көрсеткіштерді әзірлейтін болады.