Жарияланған күні: 03.02.2015 19:17
Өзгертілген күні: 15.08.2016 14:43

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.

Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.

Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279-бабының 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.

Салық органдарының тиісті белгіні қою жолымен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы не растаудан дәлелді бас тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жүктеу

Нысанның атауы

400.00 нысаны

Ереже

Акциз бойынша декларация 

421.00 нысаны

Ереже

Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі