Жарияланған күні: 22.07.2015 09:55
Өзгертілген күні: 23.07.2015 11:55

Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеу есебінде 337257 салық төлеушілер тұр, оның ішінде заңды тұлғалар – 14505, дара кәсіпкерлер – 29200  және жеке тұлғалар - 293552.

2014 жылы Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша МКБ мемлекеттік қызметтерді көрсету орталығымен 529687 қызмет көрсетілді, соның ішінде 455002 электронды түрде немесе 86 %. Құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыратын қызметкерлер саны – 10. Орталықтың әрбір қызметкерімен 2014 жылы орта есеппен 52960 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Құжаттарды қалыптастыруға және толтыруға арналған орын, күту бөлігі, қызмет көрсету бөлігі

Кезекті электронды басқару жүйесі, ақпараттық тақталар

Салық төлеушінің терминалы

Балаларға арналған ойын бөлмесі