Жарияланған күні: 03.05.2016 13:57
Өзгертілген күні: 14.06.2017 10:43

2017 жылдың 5 айы ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіндегі азаматтардың өтініштерімен жасалған жұмыс туралы анықтама

 

2017 жылдың 5 айы ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жеке және заңды тұлғалардан 2530 өтініш қарауға келіп түсті.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 2530 өтініштің 1923 қаралды (оның ішінде: 1160-і түсіндірілді, 165-і қанағаттандырылды, 521-і бас тартылды, 77-інің қарастырылуы тоқтатылды), 607 өтініш бойынша орындау мерзімі алдыда.

Көрсетілген кезең ішінде өтініштерде жеке және заңды тұлғаларды тіркеу және есепке алу, тексерулердің қорытындылары бойынша шешімдер қабылдау, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекеті (әрекетсіздігі), Қазақстан Республикасына тауар әкелу, тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығару, тауарларды декларациялау, тауар түрлеріне арналған сәйкестік сертификаттарын алу, ҚҚС қайтару, салық есептілігі, салық және кеден заңнамасын түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін түсіндіру мәселелері және басқалар қамтылды.

2017 жылдың 5 айы ішінде жеке және заңды тұлғаларға - 230 талон берілді.