Жарияланған күні: 26.11.2014 01:00
Өзгертілген күні: 08.05.2019 18:06

 

 

                     Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

Алматы облысы Шелек ауданы Қаратүрік ауылында 1976 жылғы 24 ақпанда дүниеге келді.

Білімі жоғары, 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы  Қазақ экономикалық университетін бітірді.

 

Еңбек жолы

  • 1997 жылғы шілдеден бастап салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады;
  • 2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің Аудит бөлімінің бастығы;
  • 2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
  • 2007 жылғы ақпаннан  2008 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық аудиті басқармасының бастығы;
  • 2008 жылғы шілдеден 2010 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
  • 2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және  болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
  • 2011 жылғы қазаннан 2012 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
  • 2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
  • 2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы), Астана қаласы;
  • 2014 жылғы қарашадан 2017 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
  • 2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
  • 2018 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.

Мерекелік медалімен марапатталды.

                            Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков

           1963 жылы туылған, ұлты  қазақ, білімі  жоғары: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

         Қарағанды облысының ішкі істер органында 1984 жылдың тамыз айынан бастап 1994 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет етті.

         Кедендік органдарында 1994 жылдан бастап жұмыс істеді.

         Әр түрлі уақытта кеден бекеттерінің басшысы лауазымдарында «Қайрақ», «Майқапшағай», «Достық» кеденінде, Алматы, Павлодар облысы бойынша кеден бақылау Департаментінің басшысы болып қызмет етті. 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кеден бақылау комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалған. 2014 жылғы 17 ақпаннан - Қазақстан Республикасы Беларус Республикасындағы елшілігінде кеңесші, 2018 жылғы 4 қазаннан осы уақытқа дейін- Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары қызметтерін атқаруда.

2019 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

                                          Жайдар Дабырұлы Іңкәрбаев

         1977 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары: 1998 жылы - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді,    2002 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану»  мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  2012 жылдың  маусым айындағы шешімімен «Экономика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан Республикасының салықтық кеңесшілер Палатасының мүшесі.

         Алматы қаласы Медеу,Әуезов аудандары бойынша салық басқармаларының басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер комитетінің басшысының орынбасары, 2018 жылғы 19 ақпаннан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарды.

         2019 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

                                         Мамаев Талғат Шәриұлы

      1977 жылы туылған, қазақ, білімі жоғарғы, 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «халықаралық экономикалық қатынастары» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – Шетел тілдері білімі бар экономист.

      Салық жүйесінде 2005 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атақарады, Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма басшысы, төраға орынбасары қызметтерін атқарды, 2008 жылдан 2012 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 20012 жылдан 2014 жылға дейін- Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы,2014 жылдан 2017 жылға дейін- Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017 жылдан осы уакытқа дейін-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры.

     2019 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.