Жарияланған күні: 22.01.2015 17:04
Өзгертілген күні: 13.05.2016 16:15

Салық кодексінің 256-бабының 3-тармағында белгіленген, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ҚҚС осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады.

Салық кодексінің 256-бабының 2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес, ҚҚС сомасы, осы баптың  1-тармағына сәйкес есепке жатқызу, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)  Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделіп, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кедендік рәсімінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын,  салық сомасы болып табылады.

 Сондықтан, Салық кодексінің 256-бабының 2-тармағының 5)-тармақшасын есепке ала, кедендік декларациясында көрсетілген ҚҚС сомасы, осы сома бюджетке төленген салық мерзімінде  есепке жатқызылады.