«Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 Қаулысына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтанан бастап 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңге 0,65% мөлшерінде пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі белгіленген. Ішкі нарыққа өткізген кезде және өз мұқтаждарына пайдаланған жағдайда 0,65% белгіленген мөлшерлемеге 0,5 төмендету коэффициенті қолданыла ма? 

Салық кодексінің 307-бабының 7-тармағына сәйкес кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген ПҚӨС бөлігінде салық салу тәртібінде қандай да бір төмендету коэффициенттерін қолдану көзделмеген.

«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық іскерлік операцияларға не жатады және қандай мәмілелер бойынша бақылау жүзеге асырылады? 

Заңның 2-бабының 31-тармағына сәйкес халықаралық іскерлік операциялар - тауарларды сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, резидент емес болып табылатын тараптардың бірінің жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі мәмілелері; Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнінде жасаған мәмілелері.

«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес салық төлеушілер мониторинг мәмілері бойынша  қандай есептілік ұсынады?

Трансферттік баға белгілеу туралы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Тізбесін уәкілетті орган бекітетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы Бұйрығымен халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі бекітілген.

Алкоголь өнімдерін, тамақ өнімдерін және (немесе) алкогольсіз сусындарын өндірушілерге өндірілетін минералды жерасты суларын, шаруашылық-ауыз су жерасты суларын беретін жер қойнауын пайдаланушы өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін 0,25 бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын қолдануға құқылы ма?   

«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 342-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суына өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін 0,25 бір айлық есептік көрсеткішті мөлшерлемесі салық салынады.

Қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік (5 нысан)  қандай кезең ұсынылады?

Қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілікті ұсыну кезінде, жобаланған көрсеркіш ұсынылатын кезең көрсетіледі.

Алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік (5 нысан) қай мерзімде ұсынылады?

Салық кодексінің 624-бабының 3-тармағына сәйкес алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік (5 нысан)  ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады.

Ағымдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік мұндай жоспарланатын көрсеткіштердің өзгерістері ескеріле отырып (5 нысан), осындай ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуірінен, 15 шілдесінен және 15 қазанынан кешіктірілмей ұсынылады.

Уполномоченным органом по ведению таможенной статистики внешней торговли является – Комитет государственных доходов МФ РК, цены публикуются на портале  КГД МФ РК.

Уполномоченным органом по ведению статистики взаимной торговли является Комитет по статистке Министерства национальной экономики РК, цены размещаются на портале Комитета статистики МНЭ РК.

В принятом Парламентом законопроекте по вопросам налогообложения предусмотрены изменения в подпункт 6) пункта 2 статьи 310 Налогового кодекса, исключающие затраты по займам из производственной себестоимости добычи и первичной переработки (обогащения). Данные изменения распространяются на правоотношения возникающие с 1 января 2009 года.