Тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда Салық кодексінің 152 бап 12 тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері қанлдай салық төлеушілерге қолданылмайды?

Салық кодексінің 152 бап 12 тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай:

қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;

Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері қалай айқындалады?

Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер Салық кодексінің 443 бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салық төлеушіге тексерілетін кезеңге қандай салықтық кезең кіреді?

Тексерілетін кезеңге қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация тапсырылған салықтық кезеңді қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезеңнен бастап салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезең кіреді.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру қандай салық төлеушіге қатысты жүргізіледі?

Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру:

Салық кодексінің 432-бабы 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты салықтық өтінішті;

қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап) ұсынған салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін негіз болып не табылады?

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісі, салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін негіз болып табылады

ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кету сомасы қайтару мерзімі?

ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушіге қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару, салықтық тексеру жүргізілместен он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

ҚҚС бақылау шоты дегеніміз не?

Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған, қосылған құн салығының сомаларын есептеу кезінде, оның ішінде:

импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, қосылған құн салығын бюджетке төлеу;

тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;

тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуі;

Қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қай мерзімде (қанша уақытта) жүргізіледі?

Қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға кім құқылы?

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынған, салықтық мониторингте кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынатын күнге салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының қандай мөлшерлемесі қолданылады?

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.

Тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға қандай мөлшерлеме бойынша салық салынады?

Салық Кодексінің 394-бабында көзделген тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Тауарлар экспорты болып не табылады?

 

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады.

Талондар мен карточкаларды қолдана отырып, жанар-жағар май құю станциясынан беру кезінде айналымды жасау күні қандай?

Жанар-жағармай материалдары меншік құқығын растайтын құжаттарды (талондар, карточкалар) пайдаланып сатқан кезде, мәміле жасалған күн - жанар-жағармай материалдары жанар-жағар май стансасынан нақты жіберілген күн, ал шот-фактура көрсетілген айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей берілуі керек, мұндай тауарлар үшін сату айналымы күн болып табылады