СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша

 

Кіріспе

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.


 

«Құқықтық хабардар ете отырып» бұл нені түсіндіреді?

Құқықтық ақпарат беру - Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну арқылы белгіленбеген тұлғалар тобына көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрі («Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 1-тармағы).

 

«Коммерциялық мақсатта қызметті жүзеге асыру» бұл нені түсіндіреді?

Салық кодексінің ережелеріне сәйкес, қызметті жүзеге асыру:

1) осындай қызметіне орай табыс алу мақсаты жоқ;

2) алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйымға жатады.

Осыған байланысты, көрсетілген жағдайлар болған жағдайда, қызметі коммерциялық емеске теңестіріледі. 

Іссапар шығындарына берілетін қаражаттар, шетелдік қаржыландыру көздері ретінде қарастырылады ма?

Жол жүру, тұру және тәуліктік шығындарды өтеу үшін шетелдік көздерден алынған ақшалай қаражат Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға бағытталған жағдайда мәліметтер мен хабарламаларда өзге де мүлікті және ақшаны алғаны туралы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте осы қаражаттардың шығындары өз қажеттіліктерінің шығындары болады.

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында іс-шаралар жүзеге асыратын тұлғалар, шетелдік көздердің және осындай іс-шараларды жинау, талдау және ақпаратты тарату шеңберінде Осы заңның негізінде есеп беру қажет пе?

Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының екінші бөлігінің 1)-16) тармақшаларында ерекшеліктер көзделген. Басқа жағдайларда норманың әрекетіне көрсетілген қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жинау, талдау және ақпаратты таратуды жүзеге асыратын барлық тұлғалар жатады.

Шетелдік қаржыландыру негізгі құрал ретінде заңда көрсетілген қызметінің мақсатына алған жағдайда, мысалы, құқықтық қорғау және кеңес беру үшін және ол ешқашан іске асырылмайды немесе өтеусіз берілсе, қай кезде осы негізгі құрал бойынша алушының есеп беру мерзімі аяқталады? Осындай мүлік бойынша амортизациясын есептеуді көрсету қажет пе?

Салық кодексінің 14-бабының 1-1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға шетелдік көздерден негізгі құралдар ретінде мүлікті тұлғамен алынған жағдайда, 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына Хабарлама ұсынылады. Жеке және заңды тұлғалар шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға тиіс

Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға шетелдік қаржыландыруды алған жағдайда, қаражат алынған есебінен,шығындардың бухгалтерлік есепті жүргізу қажет пе? Қандай қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес? Немесе осындай жеке тұлғаға фискалдық чектердің есебіне енгізілген кассалық әдіс бойынша жеке шығындарына іс-жүзінде жүргізілгендігін есептілікте көрсетуі жеткілікті ме?

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті енгізу бойынша дара кәсіпкер болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды. Салық кодексінің 14-бабының 1-1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мақсатта ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке тұлға, ақша және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді толтыру кезінде ақша және (немесе) өзге де мүлік алынған шеңберінде жеке тұлғаның іс жүзінде жүргізілген шығындары көрсетіледі. Бұл ретте жеке тұлғаның жүргізілген шығындары, құжаттармен расталуы тиіс. 

Егер ұйым қызметіне заңды көмекке, талдауға, әлеуметтік сауалнамаларға жатпайтын шетелдік қаржыландыру алса, мысалы, мүгедектер үшін қайырымдылық көмек көрсетуге, бірақ, бұл ретте, осындай қызметті және баспасөз конференциясына жобасына қаражат қарастырылған кез келген ҮЕҰ сияқты жұртшылықты хабардар етеді (баспасөз-конференция). Осындай ұйым барлық қаржыландыруға есеп беру қажет пе немесе тек баспасөз конференциясына жұмсалған ақшаға ма?

Біріншіден, Салық кодексінің 14-бабы 1-2-тармағына сәйкес осындай ұйым ақпаратты шетелдік субъектілерінің қаражаты есебінен тарататынын көрсетуге міндетті. Бірақ, хабарламаны және мәліметтерді жасау кезінде қоғамдық ұйым аталған баптың 1-1-тармағын басшылыққа алу қажет. Тиісінше, мұндай жағдайда қоғамдық ұйым ақпаратты таратуға алынған (бөлінген) ақшалай қаражатқа есеп беру қажет.

Фискалдық чектің немесе төлем тапсырмаларының күні және нөмірі бойынша мәліметтерді ұсына отырып кассалық әдіс бойынша, немесе есептеу әдісі бойынша, орындалған жұмыстың актісі немесе құжаттың күні және нөмірі бойынша мәліметтерді ұсына отырып, шығындар бойынша есепті беруге тиіс пе?

Хабарлама мен мәліметтер салық заңнамасына сәйкес ұсынылатындықтан, оларға Салық кодексінің 57-бабының талаптары қолданылады. Яғни, салық есебін жүргізу есептеу әдісі бойынша теңгеде жүзеге асырады.

Құрылтай жарналары шет мемлекет азаматының ұйымына, сондай-ақ осы Заңның күшіне кіреді ме?

Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағында тұлғалармен хабарлама мен мәліметтерді ұсыну жағдайлардың толық тізбесі келтірілген.

Осылайша, шетел азаматынан ұйымдарға құрылтай жарнасы ретінде алынған ақша және (немесе) өзге де мүліктер мемлекеттік кірістер органдарына хабарламалар мен мәліметтерді ұсыну үшін негіз болып табылмайды.

Осы заңның шеңберінде шетелдік көздердің есебінен семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдерге және т.б. қатысқан жеке тұлғалар есеп беру керек пе?

Егер семинарға қатысу Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру бойынша тікелей міндеттері қатысушыға жүктелсе, онда мұндай қатысушы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлама мен мәліметтер ұсынуға міндетті.

Шетелдік көздердің есебінен және осындай жобалар аясында жүзеге асыратын, жинау, ақпаратты талдау, оқытуды жүзеге асыратын коммерциялық компаниялар осы Заңның шеңберінде есеп беру керек пе?

Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының екінші бөлігінің 1)-16)-тармақшаларында ерекшеліктері анықталған. Қалған жағдайларда бұл норма заңды тұлғалар нысандары арасындағы айырмашылықтарды белгілемейді. Норманың әрекетімен коммерциялық мақсатта қызметін жүзеге асырған кездегі жағдайларды қоспағанда, жинау, талдау және ақпаратты таратуды жүзеге асыратын барлық тұлғалар жатады.

Яғни, коммерциялық нысандағы заңды тұлға жинау, талдау және ақпаратты тарату бойынша қызмет мақсатында коммерциялық анықтау үшін өлшемі болып табылмайды.

Осы заңның шеңберінде, шетел азаматына заңгерлік қызмет көрсет, жеке тәжірибелі заңгер қаламақы үшін есеп беру керек пе?

Есептілікті ұсыну бойынша талаптар жеке тәжірибелі заңгерге, заң қызметін көрсету бойынша шетелдік көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған, оның ішінде оң хабардар ету, қорғау және азаматтарға және ұйымдарға өкілдік еткен, сондай-ақ оларға кеңес берген жағдайда таратылатын болады. 

Жеке тұлғаға алынған ақшаны, егер оларды жеке мұқтажына жұмсаған жағдайда қалай есеп беру қажет?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 554 бұйрығымен бекітілген, Қағидамен сәйкес мәліметтер, сондай-ақ Ақша қаражатын алғандығы туралы тізілім және Шетелдік субъектілерден ақша қаражатының жұмсалуы туралы тізілімінде қамтылған.

Жеке мұқтажына жұмсаған жағдайда жеке тұлға шығындары туралы Тізілімнің «B» және «C» бағаналарында өзінің ЖСН және Аты-жөні, әкесінің атын көрсетеді.

Жеке тұлғаның есептілігі заңды тұлғаның есептілігінен ерекшеленуге болады ма?

Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағы жеке және заңды тұлғаның арасындағы айырмашылықты енгізбейді. Тиісінше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 бұйрықтарымен бекітілген, сәйкесті ақшаны және өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтер мен хабарламалардың тәртібі, мерзімі және нысандары заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.