Сұрақ: 
<p class="rtejustify"><em>Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға шетелдік қаржыландыруды алған жағдайда, қаражат алынған есебінен,шығындардың бухгалтерлік есепті жүргізу қажет пе? Қандай қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес? Немесе осындай жеке тұлғаға фискалдық чектердің есебіне енгізілген кассалық әдіс бойынша жеке шығындарына іс-жүзінде жүргізілгендігін есептілікте көрсетуі жеткілікті ме?</em></p>
Жауап: 

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті енгізу бойынша дара кәсіпкер болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды. Салық кодексінің 14-бабының 1-1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мақсатта ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке тұлға, ақша және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді толтыру кезінде ақша және (немесе) өзге де мүлік алынған шеңберінде жеке тұлғаның іс жүзінде жүргізілген шығындары көрсетіледі. Бұл ретте жеке тұлғаның жүргізілген шығындары, құжаттармен расталуы тиіс.