Сұрақ: 
<p><em>«Құқықтық хабардар ете отырып» бұл нені түсіндіреді?</em></p>
Жауап: 

Құқықтық ақпарат беру - Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну арқылы белгіленбеген тұлғалар тобына көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрі («Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 1-тармағы).