СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша

 

Кіріспе

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.


 

Егер ҮЕҰ шетелдік көздерден мүлік алмаса, және мүлік туралы ақпаратқа қатысты 017.00, 018.00 н. есептіліктің беттерін толтырмай қалдыруға тырысады, онда есептілік жіберілмейді. Осы мәселені техникалық тұрғыда шешу үшін, нөлдер қоюға тура келеді. Бұл жағдайда, салық органына есептілікті жіберу үшін қандай іс-әрекеттер жүргізу қажет?

Барлық салық төлеушілерге тәсіл бірыңғай және мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) осы принципті ұстануға тырысады. МКО үшін «нөлдер» салық төлеушіде іс жүзінде мүлкі жоқ екендігін, салық төлеушімен тікелей қарым-қатынас үшін қажеттілігі жоқ, салықтық әкімшілендіру мақсатында толтыруды ұмытпағандығын білдіреді. Жүйесінде осылайша толтыруға мәліметтер жоқ болғанда, салық төлеуші міндетті түрде бір жолды толығымен толтыруы техникалық жағынан жүзеге асырылды.

Шетелдік көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті тарту туралы салық органдарын міндетті түрде хабардар етуді көздейтін Салық кодексіне түзетулер қандай мақсатпен қабылданды?

Хабарламалық сипатта, қосымша әкімшілік кедергілерді белгілемейтін шетелдік қаржыландыру мәселелерін реттеу мақсатында түзетулер қабылданды.

Шетелдік қаржыландыруды алатын тұлғаға, белгіленген мерзімдерде және тәртіппен олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді жіберуі, ақшаны алғандығы туралы мәліметтерді мемлекеттік салық органдарына хабардар етуі жеткілікті. Тәртіп, нысандар (017.00, 018.00) және мерзімдер ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.

Шетелдік қаржыландыру бойынша салық заңнамасында қандай жаңа енгізу көзделген?

2016 жылғы 11 қазаннан бастап ҚР Заңының аясында төлемдер және төлем жүйелер мәселелері бойынша шетелдік көздерден қаржыландыру алған жеке және заңды тұлғалармен ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету бойынша ҚР Салық кодексінің түзетулеріне өзгерістер енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде осы норманы бұзу әкімшілік жауапкершілікпен қарастырылған (ҚР ӘҚБТК 460-1, 460-2-бап).

Салық заңнамасына өзгерістер енгізуіне байланысты шетелдік қаржыландыру бойынша бизнеске қосымша жүктеме күтілуде ме?

Жаңа енгізулер шетелдік қаржыландырулар заң көмегін көрсетуге, зерттеу және қоғамдық пікірді жинау сауалнама жүргізу, талдау және ақпаратты таратуға алған жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Өзгерістер бизнесті кім жүргізетін, салық есептілігін ұсынатындарға қозғалмайды. Олар бұрын реттеліп көрсетілетін тек үш қызметтің көрсетілген түрлеріне жатады. Қазір салық есептілігі тапсырып жатқан барлық бизнес, барлық адамдар ҚР Заңының қолданысына 2016 жылғы 26 шілдедегі төлемдер және төлем жүйелер мәселелеріне сәйкес жатпайды.

2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасындағы шетелдік қаржыландыру алушылар үшін жаңа есептілікті енгізетін төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша ҚР Заңы қабылданды. Қай кезден бастап салық органына есеп беру қажет?

Көрсетілген Заңның шеңберінде есептілікті 017.00, 018.00 нысандар бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-2 және 1-1 тармақтарымен қарастырылған (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді).

Шетелдік көздерден қаржыландыруды алған жағдайда қандай әрекеттер қабылдау қажет?

Шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алушының қызметі төменде көрсетілген мақсатта жұмсалған жағдайда ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген мерзімдерде және нысан бойынша тәртіппен 017.00, 018.00 нысандар бойынша:

- заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

ҚР Салық кодексінің қай бабында шетелдік қаржыландыру есептілігі туралы білуге болады?

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағымен шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті табыс ету уәкілетті органмен белгіленген мерзімде және нысан бойынша тәртіппен салық төлеушінің міндеттілігі анықталған. ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен (017.00, 018.00) нысандар, тәртіп және мерзімдер белгіленген.

«Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған өзге де мүлікпен» дегеніміз нені түсіндіреді?

ҚР Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 117-бабына сәйкес мүлік жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлінеді. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектілер жатады. Мемлекеттік тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелері, «өзен-теңiз» жүзу кемелері, ғарыш объектiлері, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi.

«2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ  төлемдер және төлем жүйелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілгенге дейінгі, яғни 2016 жылғы 11 қазанына дейін   шетелдік қаржыландыру мәмілелер бойынша жасалған  есептілікті табыс ету мерзімі қандай?

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақтарымен белгіленген (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді).

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы хабарлама (017.00 нысан) мемлекеттік кірістер органдарына мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады. «Мәміле» деген ұғым нені түсіндіреді?

ҚР Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) «Мәмілелер» 4-тарауында 147 б.-162 б. мәміле ұғымы берілген. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық). Мәміленің жазбаша нысаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады.

2016 жылғы 4 тоқсанда жасалған, шетелдік қаржыландыру мәмілелер бойынша есептілікті табыс ету мерзімі қандай?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті табыс ету нысандар, тәртіптер және мерзімдері белгіленген. Тәртіпті негізге ала отырып, 2016 жылғы 4 тоқсанда жасалған мәмілелер бойынша 017.00 нысандағы есептілікті ұсыну мерзімі – келесі мәмілелер жасалған күннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде; 018.00 нысан – 2017 жылғы 15 ақпаннан кешіктірілмей. 018.00 н.

2016 жылғы желтоқсанда шетелдік ұйымдардан ақша алып мәміле жасасты, бірақ осы ақшаны жұмсау кейінірек болады. Мемлекеттік кірістер органдарына қалай есеп береді?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 19.10.2016 жылғы №№ 553, 554 бұйрықтарымен шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті табыс ету нысандар, тәртіптер және мерзімдері белгіленген.

Шетелдік ұйымдардан алынған ақша туралы мәміле 2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ төлемдер және төлем жүйелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңын қолданысқа енгізілгенге дейін (яғни 2016ғ. 11 қазанға дейін) жасалса, бұл жағдайда, 017.00, 018.00 н. есептіліктерді табыс ету бойынша міндеттілік туындайды ма?

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақтарымен белгіленген (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді).

Бірінші рет қай кезеңге есеп беру қажет (2016 жылғы 11 қазаннан кейін ба немесе есеп күні басқа бола ма)?

Хабарлама нысаны 017.00 және оны толтыру қағидалары  2016 жылғы 25 қарашадан күшіне енгендіктен, шетелдік қаржыландыруды алған тұлға, осы хабарламаны 2016 жылғы 25 қарашадан 2016 жылғы 12 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін, 2016 жылғы 11 қазаннан бастап туындаған қатынастар бойынша табыс ету қажет.

018.00н. мәліметтерді шетелдік ұйымдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы фактілер бар болған жағдайда ғана мемлекеттік кірістер органдарына беру керек пе?

Ия, алушының қызметі ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағымен белгіленген мақсатта жолданған жағдайда, шетелдік көздердерден ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны және (немесе) жұмсалған туралы фактілер бар болса. 018.00 н. есептілікті жасау (толтыру) тәртібі және табыс ету ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. № 554 бұйрығымен белгіленген. Тәртібіне сәйкес көрсетілуге жататын деректер болмаған жағдайда, көрсетілген есептілік нөлдік мәнімен табыс етіледі. Есептілікті табыс ету алынған ақшаны және (немесе) мүлікті толық жұмсағанда ғана тоқтатылады.