СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша

 

Кіріспе

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.


 

Шетелдік қаржыландыру есептілігі бойынша салық мерзімі болып не табылады (017.00, 018.00 нысандар)?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00 нысандағы есептілікті табыс ету үшін салық мерзімі, шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні болып табылады. 018.00 нысандағы есептілікті табыс ету үшін салық мерзімі, тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етілетін күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Шетелдік қаржыландыру есептілігінің қосымшасы қандай жағдайда ұсынылады(017.00, 018.00 нысандар)?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00,018.00 нысандар бойынша қосымша есептілік мынандай жағдайда және мерзімде:

1)   Хабарлама (017.00 н.) «қосымша» түрімен: 

келісім-шарт сомасын өзгерту бөлігінде бұрын жасалған мәмілелердің шартына өзгертулер енгізілген жағдайда - міндеттерін орындау мерзімі мәміленің шартына өзгертулер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде;

Шетелдік компания мәміле жасамай өзінің тұрақты мекемесіне (ТМ) ақша аударады. ТМ қандай есептіліктің нысанын тапсыруы тиіс – 017.00 немесе 018.00 нысаны?

Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын» есептілік нысаны 018.00.

Салық кодексінің 14-бабына сәйкес «ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған» қызметті жүзеге асыру кезінде есептілікті ұсыну көзделген. Егер ҮЕҰ осы қызметтің кіші түрінің бірімен айналысса, мысалы, жинаумен, бұл жағдайда есеп беруге тиіс пе?

Ия. ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін негізге және қосымшаға бөлуге қарастырылмаған, тиісінше міндеті, сондай-ақ егер ҮЕҰ көрсетілген кіші қызмет түрінің бірімен айналысса туындайды.   

Шетелдік қаржыландыру бойынша қосымша келісімге қол қойылған, ал негізгісі Салық кодексінің түзетулері күшіне енгенге дейін қол қойылған (яғни 2016 жылғы 11 қазанға дейін), жағдайда 017.00 н. хабарламаны тапсыру қажет пе?

ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. № 553 бұйрығында белгіленген Ереженің 5-тармағына сәйкес, бұрын жасалған мәмілелердің шарттарына өзгерістер енгізу кезінде, шарттың сомасын өзгерту бөлігінде, Хабарлама (017.00 нысан) орындау міндеттемесінің мерзімі мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде табыс етіледі.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) қайда, қай мемлекеттік органға табыс ету керек?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілік шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.   

Өз атынан осы есептілік нысандарына қол қоятын және уәкілетті өкілімен (сенімхат негізінде жеке тұлға) ұсынатын 017.00, 018.00 н. есептілікке мөр қою қажет па, бірақ жеке тұлғаның өзінің мөрі жоқ?

ҚР Салық кодексінің 17-бабы 1-тармағына сәйкес егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы. (ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 33 б. 2т.) заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болуы тиіс, жеке кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғалардан басқа. (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 33 б. 4т.) өз қызметін жүзеге асырған кезде дара кәсіпкер мөрді пайдалануға құқылы.

Мемлекеттік кірістер органдарына сенімхат бойынша уәкілетті өкілімен мөр қойылмай табыс етілген (018.00) есептілік нысаны табыс етілген болып табылады ма?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 554 бұйрығымен 018.00 нысандағы есептілікті табыс ету және жасау (толтыру) қағидалары белгіленген. Қағиданың 15-тармағында 018.00 н. есептілікті мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылмаған болып табылатын негізгі тізбесі анықталған. ҚР Салық кодексінің бұзу талаптарының негіздерінің бірі, есептілікке қол қоюға және мөрмен куәландырмаған жағдайлар (бар болғанда) болып табылады.     

Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 н.) тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) табыс ету және кері қайтарып алу қарастырылған ба?

Жоқ, өйткені ҚР Салық кодексінің нормасына сәйкес 017.00 және 018.00 нысандағы есептілік ҚР Салық кодексінің 63-бабы 2-тармағына сәйкес салық есептілігіне жатпайды.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қай салық органына тапсыру керек (017.00, 018.00 нысандар)?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілік шет мемлекеттерден, халықаралық және (немесе) шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) 6202 МКО-ға тапсырды, ал 3020 МКО-ға тапсыру қажет еді. Одан ары қарайғы іс-әрекеті қандай?

ҚР Салық кодексінің нормасына сәйкес 017.00, 018.00 есептілік нысандар бойынша кері қайтарып алу қарастырылмаған, себебі салық есептілігі нысанына жатпайды. Осыған орай, 017.00, 018.00 н. есептілігінде мемлекеттік кірістер органының коды дұрыс көрсетілмесе, «минус» белгісімен сомалары бойынша және «(нөл)0» белгісімен басқа деректер бойынша «Қосымша (лар)» түрімен 6202 МКО-ға есептілікті жасау және табыс ету арқылы есептілікке өзгерістер енгізу қажет. 3020 МКО-ға есептілік түрі «негізгі (лер)» міндетті түрде барлық көрсеткіштерді толтыра отырып тапсыру қажет.

Мемлекеттік кірістер органдары шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қабылдаудан қандай жағдайларда бас тартуы мүмкін (017.00, 018.00 нысандар)?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша:

-  мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе;

- ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

- ақша және (немесе) өзге де мүлікті берген субъектінің атауы көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қандай тәсілмен тапсыруға болады (017.00, 018.00 нысандар)?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша өз таңдауы бойынша:

келу тәртібінде - қағаз жеткізгіште;

ҚР Салық кодексінің 572-бабына сәйкес электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде бар, салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынады.

Қағаз жеткізгіште беру үшін есептілік бланкілері (017.00, 018.00 нысандар) және шетелдік қаржыландыру бойынша ақпараттық-түсініктеме құжаттары уәкілетті органның сайтының қай жерінде?

ҚР Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер органдарының (kgd.gov.kz) ресми сайтында келесі жолдар бойынша – Қызмет → Шетелдік қаржыландыру мониторингі→ Инфографика. Өзгерістерге түсіндірме. Бейнеролик. Сұрақтар-жауаптар.