СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша

 

Кіріспе

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.


 

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар)  электрондық нысанда тапсыру үшін не істеу қажет?

ҚР Салық кодексінің 572-бабына сәйкес электрондық салық төлеушіні тіркеу есебі бар болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органына электронды түрде есептілікті тапсыру қалады.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) пошта байланысы арқылы тапсыра аламынба?

Жоқ. ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілік қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етіледі.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) электронды түрде табыс ету міндетті ме?

Міндетті емес. ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша тұлға екі тәсілдің бірімен:

         қағаз жеткізгіште - келу тәртібінде;

         электрондық нысанда табыс етуге құқылы.

Сонымен қатар, электронды түрде табыс етілген есептіліктің өзінің артықшылықтары бар: есептілікті кез –келген жерден, ыңғайлы уақытта және мемлекеттік кірістер органына бармай-ақ жіберуге, жартылай толтыру есептілік жүйесімен (автоматты түрде есептеу) болады.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) электронды түрде тапсырылғанын растау болып қандай құжат табылады?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті қабылдау немесе қабылдамауы болып:

         017.00 нысан бойынша – мемлекеттік кірістер органдары хабарламаны қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы растауы;

         018.00 нысан бойынша - мемлекеттік кірістер органдары хабарламаны қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы растауы табылады.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті (017.00, 018.00 нысандар) СЕӨЖ және Салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде тапсырған кезде техникалық мәселелер мен сұрақтар туындаса, бұл жағдайда қайда жүгінуге болады?

ҚР Салық кодексінің 20-бабы 1-тармағының 1) және 5)-тармақшаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға, өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті.

Жеке тұлға Салық кодексінің 14-бабына сәйкес қызмет түрлеріне жататын шетелдіктен көлік түрінде мүлік, оргтехника және т.б. алды. Осы жағдайда 018.00 н. есептілік мемлекеттік кірістер органдарына қанша уақытқа дейін ұсынылатын болады және табыс ету қашан тоқтатылады?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 554, 554 бұйрығымен белгіленген тәртіпке сәйкес, 018.00 нысанын тапсыру шетелдік көздерінен есептілікті табыс ету алынған ақшаны және (немесе) мүлікті толық жұмсағанда ғана тоқтатылады. Есептілікте көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда, есептілік нөлдік мәндермен ұсынылады.

ҮЕҰ-резидент түрлі кезеңдерде әр түрлі шетелдік ұйымдардан мүшелік жарналар алады. 017.00, 018.00 н. есептілікті табыс ету мерзімділігі, және қандай мерзімде?

Мүшелік жарналар алғандығы бойынша мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде - 017.00 н. есептілікті табыс ету. Мүшелік жарналардың толықтай жұмсалуына дейін, тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей - 018.00 н. есептілікті табыс ету.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті толтыру тәртібі қандай (017.00, 018.00 нысандар)?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті жасау (толтыру) және ұсыну тәртібі белгіленген.

Қағаз тасығышта есептілікті толтыру кезінде бірінші кезекте осы тәртіпті басшылыққа алу қажет.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті қалай толтыру керек (017.00, 018.00 нысандар) қандай да бір әдістемелік нұсқаулықтар мен ережелер бар ма?

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген Қағида бар. Қосымша, «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» ақпараттық жүйелерінде есептілікті электронды нысанда толтыру кезінде, 017.00, 018.00 н. есептіліктің толтыру кезінде қатесі бар болған жағдайда жөнелтуге жіберілмейтін функциясы, міндетті түрде толтыруға жататын қатарлардың толтырылмағандығы туралы ескертетін функциялары бар форматты-логикалық бақылау (ФЛБ) жүзеге асырылған.

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті толтыру бойынша (017.00, 018.00 нысандар) сұрақтар туындаса қайда жүгінуге болады?

017.00, 018.00 нысандағы есептілікті табыс ету орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының аудандар, қалалар және қалалардағы аудандардың Қызмет көрсету орталықтарына, жазбаша немесе ауызша түрде. 2011 жылдан бастап барлық Қалалар мен аудандар орталықтарында Италия тәжірибесі бойынша әрбір Орталықта білікті қызметкерлерден тұратын «анықтама» модераторы енгізілді.

Модераторлардың құзеретіне:

Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікте (017.00, 018.00 нысандар) мәміле бойынша 100 теңге сомасын көрсету керек пе?

ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны және жұмсағаны туралы есептілікті тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде табыс ету және жасау уәкілетті орган белгілеген. Осы тәртіп ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.

017.00, 018.00 нысан бойынша есептілікті әрбір алынған қаржыландыруға толтыру керек пе немесе мәлімделген салық кезеңіне жалпы біреуін толтыруға болады ма?

017.00, 018.00 н. есептілікті жасау (толтыру) және табыс ету тәртібі ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. №№ 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген.

Тәртіпке сәйкес мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, жеке және заңды тұлғалар шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынуға жататын ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы деректерді толтыру міндеттілігімен (017.00 нысан) хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету қажет.    

Ғимаратты күтіп ұстау, әкімшілік шығындар, ЕТҚ және т.б.  бойынша шығындарды 018.02 н. есептілікте қандай түрде көрсету қажет?

018.02 н. есептілігінде жалпы сомадағы барлық шығындарды көрсету қажет, өйткені қызмет түрлеріндегі шығындар ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағында белгіленген 

Шетелдік көздерден алынған ақша туралы мәміле жасалса, мәміле ауызша жасалған (растайтын құжат жоқ), бұл жағдайда 017.00 нысандағы есептілікте «Мәмілені жасау туралы құжаттың күні» L және «Мәмілені жасау туралы құжаттың нөмірі» M бағандарын қалай толтыру керек?

Форматты-логикалық бақылау (ФЛБ) ақпараттық жүйесінде жүзеге асыруға сәйкес 017.00 н. есептілікті толтыру және мемлекеттік кірістер органдарына жіберу кезінде - М бағанында - «0 (нөл)», L бағанында мәміле жасалған күнді көрсету қажет. ФЛБ есептілікті толтыратын тұлғаларға көмек көрсету үшін арналған, камералдық бақылау жүргізу мақсатын көздемейді және ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. № 553 бұйрығымен белгіленген 017.00 н. есептілікті табыс ету және жасау (толтыру) Қағидаға сәйкес әзірленген.