СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша

 

Кіріспе

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2016 жылғы 19 қазандағы № 553 және 554 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.


 

Егер ақша шетел көздерінен 1 тоқсанда алынса, бұл ретте шығындар 3 тоқсанда болса, ақшаны 018.00 н. есептілікте қалай көрсету керек?

ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016ж. №№ 553, 554 бұйрықтарымен 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті жасау (толтыру) және табыс ету тәртібі белгіленген. Көрсетуге жататын деректер жоқ болған кезде, Тәртіпке сәйкес 018.00 н. есептілік нөлдік мәндермен ұсынылады. Осы есептілікті табыс ету алынған ақшаны толық жұмсағанда ғана тоқтатылады. Осыған байланысты, 018.00 н. есептілікте 1 тоқсанда алынған ақша 018.01 нысанында, ал 018.02 нысаны «нөлдік» мәндерімен көрсетіледі. 2 тоқсанға - 018.01 және 018.02 нысандар «нөлдік» мәндерімен тапсырылады.

Егер, ұйым қаржыландыруды бір мезгілде әр түрлі қызмет түрлеріне алса, Салық кодексінде сипатталғанды қоса алғанда, қызмет түрін қандай принцип бойынша анықтау қажет (А, В, С)? Есептілік нысанында бір санаттан аса көрсету опциясы қарастырылмаған.

Егер келісім-шартта қызметті бөлу бар болса, онда есептілікте әр қызмет түрі бойынша жеке қатарда көрсету қажет. Егер келісім-шартта бөлу жоқ болса, онда есептілікте шығынның ең үлкен үлес салмағының сол қызмет түрі көрсетіледі.

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жауапкершілігі қандай?

ҚР ӘҚБтК 460-1-бабымен шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау - жеке тұлғаларға – 50 (елу), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 (бір жүз), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 300 (үш жүз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде қарастырылған.

Тұлға ҚР салық заңнамасында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға ден қою керек па? Мысалы, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны және жұмсағаны туралы мемлекеттік кіріс органдарын ҚР салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбаса.

Ия, ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға міндетті.

Егер тұлға шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті белгіленген мерзімде немесе есептілікте дұрыс емес ақпарат көрсетсе қандай шаралар қабылданатын болады?

ҚР Салық кодексінің 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды, оның ішінде 017.00, 018.00 нысандардағы есептіліктің табыс етуі мен жасалуы бойынша міндеттемесін жүзеге асырады. Салықтық бақылау ҚР Салық кодексінің 607-бабы сәйкес ҚР салық заңнамасындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қою арқылы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР ӘҚБтК 460-1-бабында көзделген, әкімшілік жауапкершілікке тарту айыппұл түрінде жүзеге асырылады.

017.00, 018.00 н. есептілікті белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартуды қай күннен бастау керек (ӘҚБтК 460-1, 460-2 б. КоАП)?

ӘҚБтК 62-бабы бірінші бөлігінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай ішінде әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады (017.00 н. бойынша – мәміле жасалған күннен кейін 11 күннен кейін; 018.00 н. бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кейін).

Қазақстан Республикасы салық заңнамасындағы бұзушылықтарды жою туралы қойылған хабарламаны (№ 9 нысан) орындамаған жағдайда, тұлғаны қай кезең ішінде әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет – 2 ай (кәсіпкерлік саласында) немесе 5 жыл (салық салу саласындағы)?

Тұлға № 9 н. салық заңнамасындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылғаннан кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жіберілген бұзушылықтарды жою қажет (Салық кодексінің 608-бабы 2-тармағы).

Мемлекеттік кіріс органдарына берілген қандай ақпарат ресми сайтында жарияланады?

Жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған мәліметтер негізінде ұлттық электронды деректер базасы қалыптастырылатын болады. Деректер базасында бар мәліметтер уәкілетті органның интернет – ресурсында (ҚР Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті) орналастырылатын болады. Деректер базасы көпшілік және ашық сипатта болады – кез-келген адам оларды қызықтыратын ақпаратқа тікелей және жылдам қол жеткізе алады.

Жарияланбаған ақпараттың құпиялылығын сақтау мақсатында мемлекеттік кірістер органдарымен қандай деректерді қорғау шаралары қарастырылған?

Деректер базасы көпшілік және ашық сипатта болады, осыған байланысты деректерді қорғау бойынша шаралар қабылдау қарастырылмаған.

Шетелдік қаржыландыру бойынша барлық нысандар есептілігін (017.00, 018.00 н.) біріктіруге болмайма, өйткені жекелеген қазақстандық және шетелдік ұйымдар есептілік нысандарының күрделілігін және оларды толтыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың болмағандығын атап өтеді?

ҚР Қаржы министрлігінің 19.10.2016ж. №№ 553, 554 бұйрықтарымен шетелдік қаржыландыру мониторингі бойынша  017.00, 018.00 есептілік нысандары бекітілген. Оларды толтыруға ереже және мемлекеттік кірістер органдарына табыс етуі. 2016 жылғы 4 тоқсанға есептілікті табыс ету мерзімі өткеннен кейін (яғни 15.02.2017ж. кейін) ҮЕҰ әсерлеріне талдауды өткізу жоспарланып отыр.