Жарияланған күні: 22.06.2018 21:00
Өзгертілген күні: 22.06.2018 21:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

«20 Игі істер» науқанының шеңберінде  «Аутизмды жеңуге болады» атты балаларға арналған жобаның «Мемлекеттік қызметте КАНИСТЕРАПЕВТЕР қызмет атқарады» деген салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

 

2018 жылдың 22 маусымы Қазақстан Республикасы Қаржы министірлгі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығы РММ және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментімен бірге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің 20 жылдық қарсаңында «20 Игі істер» науқанының шеңберінде  «Аутизмды жеңуге болады» атты балаларға арналған жобаның «Мемлекеттік қызметте КАНИСТЕРАПЕВТЕР қызмет атқарады» деген салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шара кезінде балаларға, ата-аналармен  сыйлы қонақтарға Кинологиялық орталықтың серіктестері «Дамино» театырының әртісі Денесенко Виторияның басшылығымен декоративті иттерімен шоу бағдарламасы мен Қуанышты көпіршіктер профессоры Кабжан Сулейменовтың сабынды көпіршіктерден мастер класының көрсетілімдерін тамашалауға мүмкіндік болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлгі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық қызметінің қызметкерлері қызметтік иттермен жалпы жаттықтыру курсы және іздестіру жұмыстары көрсетіліп, сонымен қатар балалардың қатысуымен интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Балалар иттердің жұмыстарына қызығып, кинологтың істеген іс-қимылдарын белсенді қайталады, қуана отырып әр түрлі ойындарға қатысты. Балалар мен иттер мінсіз дос, серіктес бола алады және бүгін оларға сол иттермен ойнауға, сыйпалауға және дос болуға мүмкіндік болды. Балалар мен иттер айырылмас дос бола алтынын біз білеміз. Іс шараның аяқталуы кезінде Кинологиялық орталықтың атынан футбол мен валейболдық доптар, Кинологиялық орталығының логатипімен саптыаяқтар  түрінде естелік сыйлықтар тарту етілді.

«Ерікті қоғам» Мейірімділік қоғамдық қорының директоры Аружан Саинның пайымдауы бойынша  Қазақстан Республикасы Қаржы министірлгі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығы іс шараны ереше және креативті ұйымдастырып өткізгендігін, сонымен қатар  осындай іс-шаралар балаларға оңтайлы әсер етеді, өйткені олардың күлкісі мен қуанышты қолпаштаулары біз үшін жоғарғы марапаттау деп атап өтті.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)