Жарияланған күні: 26.09.2016 18:30
Өзгертілген күні: 28.09.2016 18:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ММУ қабырғасында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ - жаңа интеграциялық бірлестігін құрудың модельді идеясын алғаш рет айқындап берді.

Мемлекет Басшысы өз сөзінде  бірлестіктің мақсаты мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттігін арттыру ол экономикалық құрамдас шеңберінен шықпайтынын атап айтты.

Сонымен қатар, ММУ-да еуразиялық интеграция тақырыбында дәрістемемен сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің неғұрлым ғылыми-техникалық ынтымақтастық перспектива бағыттарын айтты.

Ғылым мен  мемлекеттік аппарат арасында ынтымақтастық орнату – елдің негізгі прогрессивті даму шарттарының біріден бірі, ал еуразиялық интеграция жетекші ресейлік ЖОО-ның мемлекеттік орган қызметінде ғылыми зерттеулер қолдануға мүмкіндік береді.

Осыны ескере отырып, ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум жасасу бірлескен бастамаларды дамытуға серпіліс береді. Тараптар салықтық және кедендік заңнамаларды жетілдіру саласында жобаларды іске асыруды, тәуекелдер басқару жүйесін жақсартуды, салықтық және кедендік бизнес-процестерін жаңғырту және ақпараттық жүйелерді дамытуды жоспарлауда.

Бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, инновциямен және біліммен алмасудың тұрақты жүйесін енгізу жоспарлануда.

Меморандум аясында Тараптар Комитет қызметкерлерінің, профессорлардың және университет студенттерінің қатысуымен конференциялар, практикалық семинарлар өткізуге, білімділік бағдарламаларын ұйымдастыруға ниетті.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)