Жарияланған күні: 22.11.2017 11:50
Өзгертілген күні: 22.11.2017 12:01

Әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында  қосымша құн салығын (бұдан әрі-ҚҚС) төлеуші ретінде есептік тіркелу мемлекеттік қызметінің рәсімдері қайта қаралып және жеңілдетілген болатын. Заңнамалық өзгерістер нәтижесінде 2017 ж. 1-мамырынан салықтөлеушілер  ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне келесідей жолдармен тұра алады:

1)    Мемлекеттік кірістер органына жазбаша немесе электронды түрде ҚҚС төлеуші ретінде  тіркеу есебіне тұру жөнінде арыз беру арқылы;

2)    Бизнес сәйкестендіру нөмірі Ұлттық реестрінде заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу кезінде;

Қазіргі таңда «Салықтөлеушілер кабинеті» веб-порталында электрондық арыз толтыру арқылы немесе e.gov электрондық үкімет порталында заңды тұлға ретінде тіркеу кезінде электрондық арыз толтыру арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Бұрынғыдай Мемлекеттік кірістер органдарына міндетті түрде аяқтай бару  қажет емес.

Аталған қызмет түрін 1-мамыр 2017 жылдан 31-қазан 2017-жыл аралығында Әділет органдарында мемлекеттік тіркеу кезінде 3009 заңды тұлға пайдаланған.