Жарияланған күні: 16.03.2018 18:06
Өзгертілген күні: 16.03.2018 18:29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 14 - 16 наурызы аралығында ҚР ҚМ ОӘО базасында «Әдейі және жалған банкроттық саласында қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеуді ұйымдастыру тәртібінің  ерекшеліктері» тақырыбына видеоконференц байланыс арқылы қашықтықтан семинар өтті.

Семинарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметі, оңалту және банкроттық бойынша бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде семинарға ҚР ҚМ МКК Оңалту және банкроттық басқармасы басшысының орынбасары Ли Дмитрий Алексеевич; ҚР ҚМ МКК Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының сарапшы-тергеушісі Ахметова Медина Кенжеғулқызы қатысты.

Іс-шараның мақсаты - әдейі және жалған банкроттық саласында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Қатысушылар әдейі және жалған банкроттық институтымен, осы саладағы ағымдағы жағдаймен, үрдістер және өзекті мәселелермен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеуді ұйымдастыру тәртібінің  ерекшеліктерімен таныстырылды.

Іс-шара белсенді түрде, семинарға қатысушылардың арасында талқылау, пікірталас және конструктивтік диалог құру арқылы өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар берілді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)