Жарияланған күні: 16.03.2018 16:32
Өзгертілген күні: 16.03.2018 16:40

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Еренғалиұлы Жаналинов облыстық коммуникациялар қызметінде 2017 жылғы жұмысының қорытындысы және 2018 жылға межеленген жоспары туралы брифинг өткізді.

Мемлекеттік кіріс органдарының тиімді қызметі көрсеткіштерінің бірі  -салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімінің өсу қарқынын қамтамасыз ету. Бюджетке түсетін түсімдерге біздің еліміздегі экономикалық өсуіне және әлеуметтік реформалардың іске асырылуына жұмсалатын шығыстар көлемі де байланысты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2017 жылға бекітілген жоспар артығымен орындалды. Жиналған салықтар мен міндетті төлемдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,1 млрд. теңгеге артық болып, өсу қарқыны 112,6% құрады.

Департамент басшысы, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан бақылау-экономикалық жұмыс туралы, камералдық бақылау нәтижелері жайлы айтты.

2017 жылы МКД ЭТҚ-і өндірісінде 157 қылмыстық іс болған, өндірісі аяқталғаны - 135, оның ішінде сотқа жіберілгені - 68 іс, 67 қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша бюджетке келтірілген зиян сомасы 1,6 млрд. теңгені құраса, оның ішінде өтелгені - 127,7 млн. теңге, 1,6 млрд. теңгенің мүлкіне тыйым салынды.   

2017 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 24% құрады және 2017 жылы 400 млн. АҚШ долларынан астам болды. Облыстың сыртқы сауда айналымының 81 % экспорттың үлесіне, 19% импорттың үлесіне тиесілі.

Пост-кедендік бақылау нәтижелері бойынша 2017 жылы 11 тексерулер өткізілді, олар бойынша қосымша 129,2 млн. теңге есептеліп, 112,4 млн. теңге өндіріліп алынды.

Мемлекеттік кірістер органдарының стратегиялық міндеттерінің бірі салықтық және кедендік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру болып табылады.  Қазіргі уақытта, 32 түрлі мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған түрде көрсетіледі. Осылайша, 2017 жылы қызмет көрсетудің 90,6%, немесе 514 371 қызмет электронды түрде көрсетілді, бұл 2016 жылғы деңгейінен 2,2% жоғары.

2018 жылдан бастап, электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою, жеке шоттан үзінді беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері барынша азайтылып, бір жұмыс күнін құрайды. Артық және қате төленген салықтарды қайтару 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болды, бұған дейін 15 жұмыс күнін құрайтын еді.

Сондай-ақ, Д. Жаналинов аумақтық департамент кедендік ресімдеу уақытының ұзақтығы бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие екендігін атап өтті.

2017 жылдың 1 қазанынан «Транзит" рәсімі бойынша "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесін тәжірибелік пайдалану басталып, осы уақытқа дейін 309 бақылау құжаттарын жеткізу ресімделді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, "Экспорт" рәсімі бойынша жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

2018 жылғы 1 сәуірден бастап "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесіне кедендік декларациялау бойынша қалған кедендік рәсімдеулерді енгізу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет агенттігінің департаменті көмегімен СҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша "Демеу" ЖҒК жүргізілген 2017 жылғы облыстық әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша, мемлекеттік кірістер органдарының  мемлекеттік қызметтері бойынша жоғары қанағаттандыру индексі қалыптасты.

Барлық қатысушылар үшін сенім телефонының нөмірі жария етілді - 8 (7152) 46-33-29, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл нөмір бойынша  экономика және қаржы саласындағы заңға қарсы істер мен бұзушылықтар, және де мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы кез келген хабарламалар қабылданады.

Спикер журналистердің сұрақтарына жауап берді және бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне мемлекеттік кірістер органдары қызметін жариялауға ат салысқандары үшін алғыс білдірді. 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)