Жарияланған күні: 16.03.2018 12:07
Өзгертілген күні: 16.03.2018 12:08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 15-16 наурызында ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының  (Алматы қаласы) базасында  «ҚР ҚМ МКК Кинология қызметін ұйымдастыру»  атты тақырыпта 2- күндік ақпаратты-тәжірибиелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Осы шараға Комитет атынан профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы  Есембаев А.Т. және  ПЖжББ ЭТҚ МКД  басшылары қатысты.

Семинардың өту барысында төмендегі мәселелер талқыланды:

«Комитетте Кинология қызметтін ұйымдастыру, жұмыс нәтижесі», «Қызметтік иттерді азықтандыруды ұйымдастыру», «Есептерді,  құжаттарды жүргізу тәртібі», «Кинологияның негізгі құралдары мен қорларын бухгалтерлік есептеу» және «Ветеринария саласындағы жұмысты ұйымдастыру».

Сондай-ақ «Күшіктердің іздестіру қасиетін бағалау», «Қызметтік иттерді шығару/диспансеризациялау», «Қызметтік иттердің жұмыс қасиетін бағалау» тәжірбиелік дәрістері ұйымдастырылып назарға ұсынылды, ол жерде қызметтік-іздестіру иттерін қол жүгінде, автокөлікте есірткі құралдарын іздестірудің дұрыс қолдану тактикалары мен әдістерін қолдану Актісін толтырумен паш етілді. 

Семинар қатысушыларына Кинологиялық орталығының материалды-техникалық және оқу базасымен, қызметтік иттерді ұстау жағдайларымен танысуға мүмкіндік берілді.

Семинар соңында  орталықтың қызметтік иттерді дайындауда және қолданудағы жұмысына және ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталық қыметкерлерінің кәсібилігіне оң баға берілді. 

Аталған семинар қатысушыларға кинология саласында ақпарат пен тәжірибие алмасуына, кәсіби шеберлігін шыңдауға сонымен қатар іздестіру қызметінде иттердің әлеуетін пайдалана отырып мемлекеттік кірістер органдарының Кинологиялық қызметін дамытуға оңды әсер ететінін атап өту керек.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)