Жарияланған күні: 17.05.2018 16:22
Өзгертілген күні: 17.05.2018 16:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 18-23 мамыр аралығында  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің  Кинологиялық орталығы базасында Комитеттің   аумақтық  бөлімшелерінің кинолог мамандары арасында  «Есірткі заттарын іздестіру» бағдарламасы бойынша  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы кубыгына» арналған XVІ Республикалық жарыс өткізіледі.

Жарыстың мақсаты Кинологиялық бөлімдердегі (бөлімше) лауазымды тұлғалар арасында үздік кинологты анықтау және  олардың   кәсіби шеберліктерін  арттыру,  өзара тәжірибе алмасуға және  қызметтік міндетті абыроймен, аса жоғары жауапкершілікпен  атқаруды қалыптастыру,  кинолог мамандардың қызметтік иттерді пайдалана отырып,   есірткі заттарының, психотропты заттар, жарылғыш заттардың контрабандасын анықтау  мен қару-жарақтардың кеден бекеттерінен өтудің  жолын кесу және  алдын-алу дағдыларын қалыптастыру, дамыту, сондай-ақ,  2018 жылы ТМД елдерінде өткізілетін халықаралық жарыстарға қатыстыру үшін  ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметі құрама командасына іріктеу болып табылады.  

2018 жылғы 23 мамыр  сағат 15.00-де Алматы қаласы, Краснагорск көшесі-53 мекен-жайы бойынша  аталған жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде жарыстың жеңімпаздарын арнайы кубоктар  және төсбелгілермен марапаттау рәсімі  өткізіледі. Сонымен қатар, жарыстың салтанатты жабылу рәсіміне  құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы – мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары Кеңесінің 17-ші отырысы  Комитетінің құқық қорғау бөлімшелерінің басшылары қатысады.

Жоғарыда аталған шара барысында  құрметті қонақтар  мен қатысушыларды                ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталықтың қызметімен, оның материалдық-техниакалық базасымен,  сондай-ақ,  орталықтың басым бағыты қызметтік иттермен кинологтарды дайындау және қызметтік иттерді пайдалану арқылы  жаттықтыру көріністері таныстырылады.  

Егер Сіз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  қызметі туралы ақпаратты жарыққа шығарғыңыз келсе және аталған шараға қызығушылық танытсаңыз, шараның салтанатты рәсіміне қатысуыңызды сұраймыз.

Байланыс:

+7 702 909 09 60 (Ақан Турсынбаев),

+7 705 263 25 35 (Айслу Куткужинова),

+7 747 86 77 080 (Айжан Советхан).

Шараға БАҚ- өкілдерінің қатысуы ұйымдар арасындағы сындарлы ынтымақтастық қарым-қатынастың нығайуы мен  Қазақстан Республикасының азаматтары мен қонақтарға кинологтың және  оның төрт аяқты досының жұмысымен танысуға мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)