Жарияланған күні: 26.02.2018 09:55
Өзгертілген күні: 26.02.2018 09:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету»

 

2018 жылдың 19-23 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығында рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлер ішінен МКД өңірлік органдары үшін (ШҚО-2, ОҚО-2, Алматы облысы-1, Маңғыстау облысы-1, Атырау облысы-1, Қызылорда облысы-1,  Жамбыл облысы-1) «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты оқу курсы өткізілді.

Курстың мақсаты ҚР ҚМ МКК қызметкерлеріне сканерлеу құрылғыларымен жұмыс істеуді үйрету, қауіпті және “Simfox” симулятор программасы арқылы рұқсат етілмеген заттарды табу дағдысын арттыру және “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” атты рентген-телевизиондық құрылғылары туралы түсінік беру.

Сонымен қатар қызметкерлерге «Профайлинг» курсы өткізілді. Қатысушылар жолаушыларды тасымалдау технологиясын профильдеу барысында заңсыз әрекеттерді алдын алу үшін, қауіпті ықтимал жағдайындағы тұлғаны анықтау жолымен қолданбалы психологияны қолдану әдісімен танысты.

Бұдан басқа «Рентген-телевизиялық аппараттың құрылымдық үлгісі», «Сканерлерді қолдану барысындағы қауіпсіздігі» сканердің техникалық бейнелеуі бойынша курстары өткізілді. Радиацианың негізгі түсініктері, радиацианың және радиациялық бақылаудың түрлері қарастырылды.

Оқу ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның қызметкерлері  Қасымқұлова Л., Алдашев С., Ктанов Е., Айтжанов Д. өткізді.

Курс қорытындысы негізінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу қабілетін меңгерді.

Семинар қатысушылары практикалық шеберлікке қажетті білімді және әрекеттерді меңгерді.

Курс соңында ҚР ҚМ МКК МКД 9 қызметкері сертификаттармен  марапатталды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)