Жарияланған күні: 18.06.2018 14:44
Өзгертілген күні: 18.06.2018 14:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Қаржы министрлігінің басшысы халық алдында өз қызметі туралы есеп береді.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың                  халықпен есепті кездесуі 2018 жыл 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қ. Қонаев көшесі, 4, Казмедиаорталығы (киноконцерттік зал, 1-қабат) мекен-жайы бойынша өтеді.

Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды m.minfin@minfin.gov.kz электронды мекен-жайына алдын – ала жіберуге болады.

Кері байланыс үшін деректеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің сұрағыңызға жауап жұртшылықпен кездесу өткеннен кейін Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz  ресми сайтында орналастырылатын болады.

Call орталығы: 8 (7172) 75-02-94, 75-04-58

Барлық ниет білдірушілерді кездесуге қатысуға  шақырамыз!

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)