Жарияланған күні: 22.06.2018 21:08
Өзгертілген күні: 22.06.2018 21:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

2018 жылдың 21 маусымында мемлекеттік кірістер органдарының барлық департаменттерінде

«Ашық есіктер күні» өткізілді

 

Мемлекет Басшысының бес институционалды реформаларының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде 2018 жылдың 21 маусымында (сағат 11:00-ден 13:00-ке дейін) еліміздің барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы заңнаманың өзгерістері бойынша «Ашық есіктер күні» өткізілді.

Шараның басты мақсаты - халықтың салық және кеден заңнамалары бойынша ақпараттылық деңгейін арттыру, соның нәтижесінде әділ түрде тәртіпке негізделіп, міндеттемелерін уақытылы әрі толық орындауға үндеу.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығы – мемлекеттік құпияға жатқызылатын және құпия ақпаратқа қолжетімділігі шектелген мәліметтерді қоспағанда, олардың қызметі туралы кез келген ақпаратты алу мүмкіндігін білдіреді. Бүгінгі күні, елімізде азаматтардың құқығы мен бостандығына байланысты сұрақтар бойынша ақпарат алу  заңнамамен бекітілген.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы заңнамалардағы мынадай соңғы өзгерістер:

- бизнесті ашу;

- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың орындалуы;   

- тексерулер жүргізу;

- акциздерді және ҚҚС әкімшілендіру;

- кедендік әкімшілендіру шеңберінде кедендік құнды анықтау;

- электрондық сауда;

- ЭШФ жазып беру бойынша «Ашық есіктер күніне» келген қатысушылардың назарына жеткізілді.

Бұған қоса, кедендік бақылаудың мобильді техникалық құралдары, енгізілген ақпараттық жүйелердің бірі «АСТАНА – 1» АЖ, «Бір терезе» механизмі, «Виртуальді қойма», «ЭШФ» АЖ, «Тауарларды таңбалау» Сервистік бағдарламалық өнімі  көрсетілді.

Кездесу барысында барлық салық төлеушілерге салық және кеден заңнамалары бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта,  сондай-ақ «Чекті талап ет – Сыйлық ұтып ал!» акциясын өткізу туралы жадынамалар, жалпыға бірдей  декларациялау бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, электрондық сауда және т.б. туралы буклеттер, жадынамалар таратылды. Экономикалық тергеу қызметінің лауазымды тұлғалары буклеттер таратып,  заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қарастырылатын қылмыстық жауапкершілік  туралы кеңес берді.

Азаматтық белсенділікті арттыруға және тұрғындардың салық сауаттылығын дамыту мақсатында аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларында салық және кеден заңнамаларының барлық мәселелері бойынша әрбір бейсенбіде «Ашық есік күндері» өтетінін еске сала кетейік. Бұл мүмкіндікті негізінен жас кәсіпкерлер пайдаланады. Бизнесті жаңадан бастағандар қарапайым сұрақтар бойынша да мамандардың көмегін жиі қажет етеді. Тәжірибелі бизнесмендер заңдардағы өзгерістерді бақылап отырады, және оларды зерттеуде кемшіліктердің орнын толтыруға тырысады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)