Жарияланған күні: 04.04.2018 17:54
Өзгертілген күні: 04.04.2018 17:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылдың 4-ші сәуірінде Бішкек (Қырғызстан Республикасы) қаласында Кеден одағына мүше мемлекеттердің 26- шы Кеден қызметкерлерінің біріккен алқасы болып өтті (КҚБА). Қазақстан делегациясын  ҚР ҚМ Мемлекеттік Кірістер Комитетінің Төрағасы Ардақ Теңгебаев бастап барды. Күн тәртібінде кедендік әкімшілендіру бойынша 33 өзекті мәселе талқыланды.

Отырыс шеңберінде мынадай мәселелер қаралды, Орындау мерзімдері туралы жеке пайдалануға әкелінген уақытша көлік құралдарына  және халықаралық көлік құралдарын тасымалдау бойынша сұрау салу, Шетелдік жеке тұлғалардың жеке пайдалануға шарттасып әкелген көлік құралдарының заң бұзушылықтарын мейлінше азайтуға бағытталған іс – шаралар қолдану, Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 2010 жылғы  18 маусымда № 289  Кеден одағы Комиссиясының Шешімімен Бекітілген нысаны Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі ", сондай-ақ  ЕАЭО-ның Кедендік Кодексіне енген нормативтік базаның сәйкестігін қарау жайлы сұрақтар талқыланды.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін  енгізуге байланысты,  Комитетпен отырыстың күн тәртібіне «2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген кедендік декларацияларды және кедендік декларациялар нысандарын толтыру жөніндегі Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасы туралы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ақпараттық тасымалдаушылардың (қағаз, электронды немесе басқа) кедендік құнының құрылымы мен шамасын анықтауда,оларда қамтылған ақпаратпен, оның ішінде мәміленің мәні тасымалдаушыларда қамтылған  ақпарат болған жағдайда» туралы мәселелер көтерілді.

 Комитеттің бастамашылығын Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының тиісті шешімдері нәтижесінде тараптар қолдады.

Алқа отырысының келесі 27-ші отырысы Қазақстан Республикасының аумағында 2018 жылғы 15 маусымда жоспарланған.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)