Жарияланған күні: 20.02.2019 16:12
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:56

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2018 жылға мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

 

Мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның міндеттерінің бірі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табысы және оған тиесілі мүлкі туралы декларацияны ұсыну болып табылады.

Салық кодексінің 363-бабының 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша (230.00 нысаны) декларацияны тұлғалардың мынадай санаттары ұсынады:

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету бойынша міндеті жүктелген жеке тұлғалар.

Бұдан басқа, осы декларацияны жыл сайын мемлекеттік лауазым атқаратын адамның жұбайы (зайыбы) табыс етуге міндетті.

Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейін үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсырады.

Декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі. Мысалы, 2018 жылға декларацияны 2019 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсыну қажет.

Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар тиісті мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен беруге құқылы:

- қағаз тасығышта-келу тәртібімен;

- почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;

- электрондық түрде.

Электронды түрде декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (бұдан әрі - СТК) Web-қосымшасы арқылы мына мекен-жай бойынша беруге болады: http://cabinet.salyk.kz немесе СЕӨЖ АЖ клиенттік қосымшасын пайдалана отырып, салық төлеушілер үшін СЕӨЖ АЖ электронды түрде СЕӨЖ өткізудің баламалы тәсілі ретінде іске асырылады.

Осы ақпараттық жүйені және жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын https://kgd.gov.kz/ru/section/sono сілтемесі бойынша жүктеуге және танысуға болады.

Интернетке кіруге мүмкін болмаған жағдайда,  әрбір аумақтық  мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің терминалдары бар  компьютерлерден  жіберу керек.

Декларация нысанын (230.00-нысан) және оны толтыру ережесін мына сілтеме бойынша көшіріп алуға болады:  https://kgd.gov.kz/ru/content/individualnyy-podohodnyy-nalog-i-socialnyy-nalog-1-2

Декларацияларды электронды түрде ұсыну үшін мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына немесе ХҚКО-ға барып, электрондық цифрлық қолтаңбаны алуына болады.

Салық есептілігін тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйелерге жүктеме жоғары болып, декларацияны тапсыру барысында авторизациялау процесі айтарлықтай қиындайтындықтан,  декларацияны соңғы күндерге қалдырмай, алдын-ала тапсыруға кеңес береміз.

 

ҚР ҚР МКК Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)