Жарияланған күні: 03.01.2018 17:10
Өзгертілген күні: 03.01.2018 17:31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Астана қ.                                                                              03  қаңтар 2018 жыл

 

Экспорт кедендік рәсімі бойынша Астана-1 электрондық декларациялау бойынша ақпараттық жүйе іске қосылды 

 

2018 жылғы 1 қаңтарда Сауда және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясының (БҰҰ ЮНКТАД) көмегімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті енгізген, экспорт кедендік рәсімі бойынша Астана-1 электрондық декларациялау бойынша ақпараттық жүйе іске қосылды.

 1 және 3  қаңтардың а.ж. аралығы ішінде 41 электрондық декларация өңделді. Жасыл дәлізде декларацияны өңдеу мен шығаруға арналғн уақыт бір минуттан кем болмады. Жүйені бірінші пайдаланғандар Қазақстан Республикасының жетекші кәсіпорындарының бірі «АрселорМиттал Темиртау» болды.

Астана-1 АЖ сауданы жеңілдету жөніндегі ДСҰ Келісім талаптарына және  ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының жаңа кеден заңнамаларына сәйкес әзірленген.

Интеграцияланған тариф және форматты-логистикалық бақылау нақты уақытта деректердің толық енгізілуіне тексеруді жүзеге асыруға, кедендік төлемдер мен салықтарды автоматты түрде есептеп және өндіруді өндіруді жүргізуге мүмкіндік береді.

АСТАНА-1 АЖ-да декларацияны автоматты тіркеу және жасыл дәліз бойынша декларацияны автоматты шығару мүмкіндігі, СЭҚҚ мен   кірістер  органдарының қызметкерлері  арасындағы тікелей байлансты азайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдердің төмендеуіне оң ықпал етуге мүмкіндік береді.

Жүйелердің көп функционалдығына және бірнеше ақпараттық жүйелердің ауысуына байланысты, Астана-1 АЖ бірыңғай платформасы кезеңмен енгізіледі.

Тауарлардың экспорты бойынша электрондық декларациялауды енгізу Қазақстанның экспорттық үдерісін нығайтады және еліміздің инвестициялық тартымдылығының артуына ықпал етеді деп күтілуде.                                          

    Баспасөз қызметі

Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҚМ