Жарияланған күні: 16.11.2018 13:14
Өзгертілген күні: 16.11.2018 13:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 140,1 млрд. теңгеге артық орындалды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының басшылығымен 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Комитеттің алқа мәжілісі өткізілді. Алқа мәжілісіне аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттері де қатысты. 

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Комитетпен келесі жобалар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп отырғанын атап өткен жөн:

- кезең-кезеңіменен онлайн бақылау-касса машиналарын ендіру бойынша;

- ҚҚС барлық төлеушілерін ЭШФ міндетті жазуға көшіру бойынша;

- жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде деректерді актуалдандыру бойынша;

- электронды сауда-саттықты дамыту бойынша;

- электрондық төлем жасау құралдарымен қамту мақсатында сауда үйлеріндегі пилоттық жоба бойынша. 

Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұлғаларды формализациялау бойынша да жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Алқа мәжілісі барысында рейтингтік бағалау көрсеткіштері нәтижесімен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларының есептері тыңдалды.

Түсімдердің негізгі өсімі (62,0%) Ұлттық қорға есептелетін салықтарға тиесілі. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Ұлттық қорға өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,0% немесе 881,4 млрд. теңге өсіммен 2 302,4 млрд.теңге салықтар мен төлемдер түсті.

2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 140,1 млрд. теңгеге немесе 102,3%-ға артық орындалды. Осылайша, 6 009,7 млрд. теңге жоспар кезінде өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,7 % немесе 870,8 млрд. теңге өсіммен 6194,8 млрд.теңге көлемінде салықтар мен төлемдер түсімі қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджеттің салық түсімдері бойынша жоспары 108,0 млрд.теңге артық орындалумен 102,5%-ға орындалды. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21,7 % немесе 782,7 млрд. теңге өсім қамтамасыз етілді. Негізгі өсім ҚҚС 31,4% және КТС 6,7% келеді.

Жергілікті бюджетке салық түсімдері бойынша жоспары 32,1 млрд.теңге  артық орындалумен 101,9%-ға орындалды. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда а.ж. 10 айы ішінде түсімдердің өсу қарқыны 112 % немесе 188,1 млрд. теңге артық түсті. 

Алқа мәжілісінің қорытындысымен құрылымдық бөлімшелерге және аумақтық органдарға межеленген жоспардың уақытылы орындалуы туралы нақты тапсырмалар берілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)