Жарияланған күні: 16.04.2018 11:53
Өзгертілген күні: 16.04.2018 11:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2018 жылғы 13 сәуірінде, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа ала отырып,  өзінің құзыреті мен өкілеттіктері шегінде келісімге қол жеткізді және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» атты Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.З. Байғұлов пен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» Республикалық мемлекеттік мекеменің төрағасы А.М. Теңгебаев арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты - Ұлт Көшбасшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және жылжытуға бағытталған бірлескен және келісілген әрекеттерді әзірлеу және іске асыру,  мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексінің нормалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының құқық бұзушылықтарын алдын алу мен сақтау бойынша жұмыстарын күшейту, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениеті мен имиджін қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жою болып табылады.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)