Жарияланған күні: 26.03.2018 12:39
Өзгертілген күні: 26.03.2018 12:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

2018 жылы салық есептілігін табыс ету бойынша
маңызды ақпарат

Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!

2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI ҚРЗ Заңымен қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
(Салық кодексі) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгенін назарларыңызға жеткіземіз.

Көрсетілген кодекстің шеңберінде, егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілерге (салық агенттеріне) салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемені мерзімінен бұрын орындауға (салық кезеңінің аяқталуына дейін) тыйым салынатын нормасы енгізілді (38-б. 3-т.). Өзгешеге мынадай жағдайлар жатады: салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау); тарату немесе қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату салық есептілігін табыс ету; 911.00 нысандағы салық есептілігін табыс ету және т.б.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 208-бабының 7-тармағына сәйкес, электрондық салық есептілігі нысандарының шаблондары салық төлеушілер үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі басталғанға дейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмей қол жетімді болуы тиіс.

Осыған байланысты, Салық төлеушінің кабинетінде жаңа салық есептілігі нысандарының электрондық шаблондарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда көрсетілген Салық кодексінің белгіленген мерзімінде,
СТ СЕӨЖ ақпараттық жүйесінде кезең-кезеңімен өтетін болады.

Өзге де жағдайларда (911.00 нысандағы салық есептілігін табыс етуден басқа) қажеттілігіне қарай есептілікті келу тәртібімен немесе пошта арқылы – қағаз жеткізгіште ұсынуды сұраймыз.

Анықтама үшін: Әділет министрлігінде 28.02.2018ж. № 16448 тіркелген, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» 12.02.2018ж. № 166 ҚМ бұйрығы,. 27.03.2018ж. бастап қолданысқа енгізіледі. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталында (kgd.gov.kz) 20.03.2018ж. орналастырылған.

  • осы бұйрықтың толық нұсқасы мына мекенжай бойынша: ҚР Заңнамасы-Нормативтік құқықтық актілер-Бұйрықтар-2018 жылғы бұйрықтар;
  • жаңа салық есептілігі нысандары және оларды жасау қағидалары
    pdf-форматта – мына мекенжай бойынша: ҚР Заңнамасы – Салық есептілігі нысандары – 2018 жылғы СЕН.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)