Жарияланған күні: 24.05.2019 11:04
Өзгертілген күні: 30.05.2019 11:02

2019/2020 жылдарға арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізіледі

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2019/2020 жылдарға арналған Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң Ресейлік кеден академиясына күндізгі оқу нысанына түсу үшін қабылдау өткізетіні туралы хабарлайды.

Қабылдау күндізгі оқу нысанына келесі мамандықтарына өткізіледі:        

  • «Кеден ісі» (маман) (Москва облысы, Люберцы қаласы) – 1 орын;
  • «Кеден ісі» (маман) В.Б. Бобков атындағы Санкт-Петербургтік  филиалы – 1 орын;
  • «Заңгер» (бакалавр) В.Б. Бобков атындағы Санкт-Петербургтік  филиалы – 1 орын.

ТМД мемлекеттерінің қатысушы азаматтары Академияға түсетін кезде:

- «Кеден ісі» (маман) мамандығы бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, шет тілінен, қоғамтанудан және дене шынықтыру бойынша кәсіби бағыттағы қосымша жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады;

- «Заңгер» (бакалавр) дайындау бағыттары бойынша мынадай пәндерден: орыс тілінен, қоғамтанудан, тарихтан жазбаша тестілеу нысанында оқуға түсу сынақтарын тапсырады.

Академияға оқуға түсу үшін толық көлемде оқу бағдарламасын табысты игеруі және жоғары үлгерім деңгейі мен орыс тілін жақсы білуі қажетті шарттар болып табылады.

Академияда оқу мерзімі күндізгі оқу түрінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша – 5 жыл, «Юриспруденция» мамандықтары бойынша – 4 жыл.

Қабылдау ережесі, сондай-ақ Академияға түсу сынақтары үшін бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі ақпараттар: www.rta.customs.ru сайтында орналастырылған.

Алдын-ала конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2019 жылдың 29 мамырына дейінгі мерзімде жазбаша нысандағы өтінішті, жеке куәлік көшірмесін, мектепті бітіргені туралы аттестаттың және ҰБТ нәтижелерінің көшірмелерін, 2019 жылғы түлектері үшін – бірінші-үшінші тоқсанның үлгерімі туралы табельдерінің көшірмелерін shberdenova@mgd.kz электрондық мекенжайға жолдауы қажет. Барлық сұрақтар бойынша: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11-үй мекенжайына, мына телефонға 8-717-2-70-98-06 хабарласуға болады.