Жарияланған күні: 25.10.2018 17:24
Өзгертілген күні: 25.10.2018 17:43

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

24-25 қазанда Мәскеу қаласында  Халықаралық кедендік форум өтті

 

Халықаралық кедендік форум – бұл жыл сайын өтетін мамандандырылған «Кеден қызметі» көрмесінің жаңа форматы, Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметі 1999 жылдан бастап өткізеді.

Жаңа форматтың мақсаты - мемлекеттің және іскерлік қауымдастық өзара әрекеттесу, тәжірибемен алмасу, сыртқы экономикалық қызметінің дамуының көкейтесті мәсеселерін талқылау, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және экспортты қолдау үшін тиімді платформаны құру.

Форумның қатысушылардың құрамында – халықаралық ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің кедендік әкімшіліктері, Ресей және шетелдік мемлекеттік органдары, іскерлік топтардың, бизнестің, қоғамның өкілдері.

Форум жұмысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті атынан Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов қатысты.

Форумның қатысушыларына кең іскерлік бағларламаның шеңберінде халықаралық сауданың көкейтесті мәселелері бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берілді.

Форумның негізгі жетістігі - ашық диологқа, оңтайлы шешімдерді іздеу және мемлекет пен бизнес арасында серіктестік қарым-қатынасты дамыту мүмкіндігі.

Дәстүрлі, жоспарланған халықаралық шаралары Ресей ФКҚ-мен кәсіпкерлік мерекені – Ресей Федерациясының кеден күнін мерекелеу күндерінде өткізіледі (25 қазан).

Осыған орай, барлық спикерлердің шығуы Ресей кеденіне арналған мерей сөздерінен басталды, мәдени  бағдарлама шеңберінде іс-шараның қатысушыларына мерейтойлы концерт қойылды.

Осы халықаралық оқиғаның көкейтестілігін және маңыздылығын Форумның барлық қатысушылары жоғары бағалады.

Сапардың жалғасы ретінде 2018 жылғы 26 қазанда Халықаралық ынтымақтастық басқарамасының басшысы Ермек Қожабергенов Ресей кеден академиясына барып, Қазақстан Республикасының кеден қызметінің халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағдарламасы туралы лекциясын оқыды.

Кездесу барысында профессорлық-мұғалімдік құрамымен және Академияның тындаушыларымен Қазақстан мен Ресей кеден қызметтерінің әрі қарай ынтымақтастығының перспективалары талқаланды, сонымен қатар үлгерімнің мәсеселері, тәртібі мен қазақстандық студентердің ресейлік ЖББ-де келу жағдайлары талқаланды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)