Жарияланған күні: 15.04.2019 16:29
Өзгертілген күні: 15.04.2019 17:43

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

8 миллиард теңге салық бересін төлеген 35 мың салық төлеуші салықтық рахымшылықтың мүмкіндігін пайдалана алады

 

Жүргізіліп жатқан салықтық амнистия аясында салықтан 129,1 млн. теңге негізгі қарызын төлеген Ақтөбе облысының кәсіпорнына 83,3 млн. теңге өсімпұл есептен шығарылды. Ал  Алматы облысының салықтар бойынша 1,9 мың теңге берешегін төлеген дара кәсіпкеріне 67,1 мың теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Жалпы, республика бойынша 2019 жылдың 12 сәуіріне 35 300 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 7,8 млрд.теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген.

Бұл салық төлеушілер бойынша 2 млрд.теңге өсімпұл және 230,0 млн.теңге айыппұл есептен шығарылатын болады.

Бүгінгі күні 14 656 салық төлеуші бойынша 1,3 млрд. теңге сомасында өсімпұлдар, 33 салық төлеуші бойынша 1,1 млн. теңге сомасында айыппұл есептен шығарылды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі. Ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.

Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд. теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар және 58 867 дара кәсіпкерлер) рахымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз.

Бұл ретте, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.

Біздің елімізде бірнеше мәрте салықтық рақымшылық өткізілді, әр өткізілгенінде бизнеске жинақталған қарыздарынан құтылуға және заңды коммерциялық қызметті жалғастыруға мүмкіндік берген.

Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның тарихында үш рет (1997-1999 жылдары, 2011 және 2015 жылдары) субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту үшін өсімпұлдары мен айыппұлдарын есептен шығару үшін салық амнистия өткізілді.

Тек соңғы екі акция шеңберінде (2011 және 2015 жылдары) шеңберінде өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша салық берешектері - 143,7 млрд. теңге сомасында есептен шығарылды, оның ішінде 2011 жылы - 23,1 млрд. теңге, 2015 жылы - 120,6 млрд. теңге.

Айта кету керек, аталған акциялар оң әсер берді, осылайша 2015 жылдың соңғы салық амнистиясына қатысушылардың 67%-ының салық берешектері жоқ.

Бұл 680 мыңнан астам салық төлеушілер, оның ішінде 17 мыңнан астамы заңды тұлға, 105 мыңы жеке кәсіпкерлер, 557 мыңы жеке тұлғалар, яғни қарапайым халық.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)