Жарияланған күні: 15.01.2018 18:02
Өзгертілген күні: 15.01.2018 18:03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі кеден қызметімен бірлесе отырып «Алтынкөл» кеден бекетінің  «Қалжат» өткізу бекетінде аса ірі көлемде экономикалық контрабанда айғағы анықталды.

Жүргізілген жеде іздестіру шаралары барысында декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар жалпы сомасы 60 млн. теңгеден аса тұратын тауарлар анықталды. Тауарлардың төлену қажет кедендік төлемдері мен салығының сомасы 13 млн. теңгені құрады.

Жоғарыда айтылған айғақ бойынша ҚР ҚК 234 бабы 2 бөлігі 4 тармағы  (аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2017 жылы Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі кеден саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша 47 сотқа дейінгі тергеу өнідірісін аяқтап істерді сотқа жолдаған болатын.

Жалпы сомасы 971 613 584 теңгені құрайтын мүлікке бұлтарпау шарасы қабылданып, конфискацияланатын сомасы 925 751 147 теңгені құрады.

Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі бұл бағытта жұмысты тұрақты жүргізетін болады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)