Жарияланған күні: 26.07.2018 12:29
Өзгертілген күні: 26.07.2018 14:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

 

Ақтөбеде заңсыз мұнай өнімдерін қайта өңдеу зауытының

әрекеті тоқтатылды

 

2018 жылдың 24 шілдесінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі, Ақтөбе қаласының көлік прокуратурасымен және «Бүркіт» ерекше мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтөбе қаласында мұнай өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын заңсыз зауытты анықтап, әрекеттерін тоқтатты.

Ақтөбе облысының мұнай-кен орнынан жалған кұжаттар арқылы заңсыз мұнай өнімдерінің шығарылуын және оның заңсыз зауытқа жеткілізгені жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында аныкталды.

Мұнай және мұнай өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын заңсыз зауытка қатысты барлық тұлғалар ұсталынды.  

Тергеу әрекеттері арқылы 150 тоннадан астам мұнай өнімі тәркіленді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)