Жарияланған күні: 11.06.2018 19:31
Өзгертілген күні: 11.06.2018 19:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

Алматы қаласында мемлекеттік қызметтің  20-жылдығын мерекелеуге арналған Спартакиада өткізілді

 

         2018 жылдың 09 маусымында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және қала әкімдігінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік қызметтің  20-жылдығын мерекелеуге арналған «Папа, мама, мен – спортты жанұя» атты Спартакиадасы  өткізілді. Аталған шараға Алматы қаласының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің және құқық қорғаушылар органдарының қызметкерлері қатысты.

Арнайы даярлық бөлімінің басшысы Марат Оспанович Тлеукеев отбасымен - ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы атынан спартакиадаға  қатысты.

Спартакиада қатысушылары арқан тартыс, жеңіл атлетика (эстафета 200м.,100м., 60м.), балалар дуатлоны, турникте тартылу, баскетбол добымен эстафета және  секіртпемен секіру  сияқты ойын түрлерінен сайысқа түсті. Стадионда спорттық және жарыстық рухтар лебі сезілді.

Кинологиялық орталығының барлық  кызметкерлері өзінің командасына қолдау таныту үшін келді.

Спартакиаданың барлық қатысушылары естелік сыйлықтар, кубоктар және арнайы сертификаттармен  марапатталды. Аталған шарада жеңіліс тапқандар болған жоқ, себебі барлық қатысушылар көтеріңікі  көңіл-күй және позитивті энергия алды.

Кинологиялық орталығынан Команда және қолдау тобы (жанкүйерлер) Спартакиаданың  ұйымдастырушылары тарапынан ең белсенді қатысушылар ретінде бағаланды.

Мұндай шаралар белсенді салауатты  өмір салтын сақтауға және насихаттауға,  мемлекеттік қызметкерлерді  тұрақты дене шынықтыруға және спортпен айналысуға,  сондай-ақ, командалық  рухты көтеруге оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)