Жарияланған күні: 12.04.2019 12:31
Өзгертілген күні: 12.04.2019 16:35

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Алматы облысындағы кеден бекеттерінің базасында жүк көліктерін сканерлеуге арналған тексеру құрал-жабдығын пайдалану тәртібі  туралы  семинар өткізілді

 

2019 жылдың 08-12 сәуірі аралығында Алматы облысының «ШЫХО-Қоргас», «Алтынкөл» кеден бекеттерінің базасында «Жүк автомобильдік және теміржол көлігін сканерлеуге арналған инспекциялық-тексеру құрал-жабдығы. Пайдалану тәртібі  және тәжірибелік сабақтары» тақырыбында  семинар өтті.

Семинарға тыңдаушылар ретінде инспекциялық-тексеру кешенінің (бұдан әрі - ИТК) жұмыс істеуіне жауапты аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде «Nuctech Company Limited» қытай компаниясының сарапшы-инженерлері  қатысты.

Семинардың мақсаты  -  әкелуге тиым салынған тауарларды анықтау үшін ИТК жұмыс істеу саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Семинарға қатысушылар ИТК жалпы құрылысымен, ИТК қолдану әдістемесімен, ИТК жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен, рентген суреттерін өңдеумен, «Nuctech Company Limited» компаниясы өндірісінің жаңа технологияларымен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. Тыңдаушылар ИТК қолдану кезінде өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.

Семинардың қорытындысы бойынша сауалнама толтырылды және тыңдаушылардың білім деңгейіне бақылау өткізілді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)