Жарияланған күні: 23.01.2019 18:17
Өзгертілген күні: 23.01.2019 18:18

АҢДАТПА

 

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қатысуымен бухгалтерлер мен жетекшілерге арналған VIII «1С» Форумы

2019 жылы 25 қаңтарда бухгалтерлер мен жетекшілерге арналған жыл сайынғы VIII «1С» Форумы өтеді.

Форумда жаңа Салық Кодексінің 2019 жылға енгізілген өзгерістері, 2018 жылғы корпоративтік табыс салығының есебі талқыланып, жаңа цифрлы сервистерді, электронды шарттарды, онлайн-кассаларды, виртуалды қоймаларды қолдану, Blockchain технологиясын қолданып, ҚҚС-ын қадағалау шотын енгізу мәселелері мен басқа да сұрақтар көтеріледі. Форумды ұйымдастырушы - Қазақстандағы «1С» Өкілдігі.

Форумға бухгалтерлер, қаржы директорлары, аудиторлар және ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың және бизнестің басқа да өкілдері қатысады.
Келесі спикерлер қатысады деген жоспар бар:  

  • Дмитрий Годун, Қазақстандағы 1С өкілдігінің директоры;
  • Юлия Прокопьева, ҚР Салық кеңесшілері палатасының мүшесі;
  • «Blockchain технологиясын қолданып ҚҚС-ын қадағалау шотын енгізу» - Маткулова Салтанат Смағұлқызы – ҚР ҚМ МКК Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментіне қарасты Өтпелі мониторинг басқармасы жетекшісінің орынбасары
  • 2019 жылы салық заңнамасын енгізілген өзгерстерді шолу - Баймағамбетова Сәуле Кеңесқызы - Астана қ. Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының жетекшісі
  • ЭШФ АЖ-дегі "Виртуалды қойма" модулі – Жампозова Данара Едгерқызы, ҚР ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасына  қарасты Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру департаментінің бас сарапшысы  
  • Алмат Жүнүсов, Астаналық Атамекен кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары

 
Күні мен уақыты: 25 қаңтар 2019 ж. (жұма), сағат 10.50.
Орны: ҚазМедиаОрталық
 
БАҚ өкілдерінің тіркелу үшін келесі телефондарға хабарласыңыздар:

76 98 56, +77015263050, email: media@askredpoint.com